Бақылау сұрақтары:
1 Ветеринариялық зертханада жұмыс істеу ережесі. 2 Ірі вирусологиялық
зертханаларда қандай бөлімдер болады? 3 Вирусы бар материалдармен жұмыс істеу кезіндегі техника
қауіпсіздігі.
Он бесінші зертханалық – тәжірибе сабағы
ТАУЫҚ ЭМБРИОНДАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ВИРУСОЛОГИЯДА ҚОЛДАНУ
Сабақтың мақсаты:
Тауық эмбриондарының құрылысымен, тауық эмбриондарын жұқтыруға
дацындау, вирусы бар материалдармен тауық эмбриондарын жұқтыру және жұқтырылған тауық
эмбриондарын жарып тексеру тәсілдерімен танысу.
Материалдар мен жабдықтар.
9-11 күндік тауық эмбриондары, овоскоптар, эмальданған
кюветалар. Физиологиялық ерітінді. Шыны түтіктерге арналған штативтер, эмбриондары салуға арналған
ұяшықтар, спирт шамдары, резеңке грушалар, таяқшаға оралған тампондар, спирт, Петри шынылары,
мөлшері 2-5 мл болатын шыны түтікшелер. Стерильді саймандар (шприцтер, иньекциялық инелер, көзге
арналған және анатомиялық пинцеттер, қайшылар мен скальпельдер) салынған стерилизаторлар.
Балқытылған парафин, шыныға жазатын қарындаш, лейкопластырь. Термостат, тоңазытқыш. Центрифуга,
таразы, су моншасы.
Достарыңызбен бөлісу: |