Микробиологиялық зертхана. Микроскоптар сабақтың мақсаты


Материалдар мен жабдықтар



Pdf көрінісі
бет60/68
Дата07.02.2022
өлшемі232,06 Kb.
#91989
түріСабақ
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   68
Материалдар мен жабдықтар.
Вирусологиялық зертхана ғимараты, вирусологиялық зерттеу
жұмыстарын жүргізуге арналған қондырғылар – бокс, люминесцентті микроскоп, центрифугалар,
тоңазытқыш, магнитті араластырғыштар, термостаттар. Спирт шамы. Шыны ыдыстар (түтіктер, колбалар,
матрастар, Петри шынылары, түтікшелер). Негізгі реактивтер мен қоректік орталар. Зертхана құжаттары мен
ветеринария мекемелерінің бекітілген негізгі ережелері.
Вирусологиялық зертхана.
Вирустық инфекциялардың аса қауіптілігіне және вирусологиялық
зертеу жұмыстарына арнайы техникалардың қажеттілігіне байланысты дербес вирусологиялық
зертханалардың ұйымдастырылуы қажет.
Вирусологиялық зертханаларда өндірістік және ғылыми – зерттеу жұмыстарын орындпу үшін келесі
принциптерді міндетті түрде сақтау қажет:
1 Зертхана мен экспериментальды жануарларды ұстауға арналған бөлмелер міндетті түрде бөлек
болуы;
2 Зертханаға, өндірістік бөлмелер мен вивариге келетін және олардан шығатын ауалардың
стерильденуі;


3 Зерттеу жұмыстарныан қалған жануарлардың, зертхананың және өндірістік ғимараттан шыққан
қалдықтар рациональды жүйеде жойылуы;
4 Зертхана мен өндіріс қызметкерлеріне арналған санитарлық өткізгіш қондырғылары мен киім
ауыстыру орындары болуы;
5 Вирусологиялық зертханада сумен қамтамасыз ету жүйесінің, залалсыздандырылмаған
қалдықтардың ағын сулар мен су құбырларына түсуінен қорғайтын қондырғылардың болуы;
6 Белсенді агенттермен тікелей жұмыс істейтін зертхана қызметкерлерін залалданудан сақтайтын
(тыныс жолдары мен ашық кілегейлі қабықшаларын) заттардың болуы керек. 
Ірі Вирусологиялық зертхана бірнеше бөлімнен тұрады:
1 Вирустармен тікелей жұмыс істейтін бөлім;
2 Жасуша өсінділерін дайындау бөлімі;
3 In vitro және in vivo жағдайларында серологиялық зерттеулерді жүргізу бөлімі;
4 Вирустарды физикалық әдістермен зерттеу бөлімі. Бұл бөлімде ультрацентрифуга, электронды
микроскоп болуы қажет. 
5 Жуу – автоклав блогы.
6 Сау және жұқтырылған жануарларға арналған виварилер.
7 Қосалқы бөлім (душ, жануарларды жарып сою, стерильдеу, ауны желдету және т.б.).
Вирустармен тікелей жұмыс істейтін немесе жасушалар өсінділері бөлімдері екі бөлмеден тұруы
қажет:
Бірінші бөлме – боксқа кіреберіс;
Екіншісі – бокс бөлмесі.
Боксқа кіреберіс бөлмесінде жұмысқа қажетті саймандар: резеңке қолғаптар, халаттар, жеңғаптар
және т.б. болады. Боксқа кіреберіс пен бокс бөлмелері бактериоцидті лампалармен жабдықталуы тиіс. Бұл
бөлмелерде дезинфекциялағыш ерітінділермен ылғалды уборка және бір мезгілде ауасы залалсыздандыру
жүргізіледі.
Вирустар және жасуша өсінділерімен жұмыс істеу бокс бөлмесінде жүргізіледі. Бокстағы үстелдің
беті дезинфекциялағыш ерітінділермен ылғалдандырылған дәкемен жабылады.
Жұмысты жүргізгеннен кейін барлық қалдықтар мен материалдарды стерильді ыдысқа салып, темір
жәшікте залалсыздандырады. Сосын барлық материалдарды қайтара дезинфекциялау үшін стерильдеу
бөліміне жөнелтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет