Ашық әдісте вертикальды орналасқан жұмыртқаның ауа камерасы бетінен диаметрі 1,5-20 см
болатын тесік жасайды. Осы жерден пинцет көмегімен қауыздың астыңғы қабықшасын ашады да
анатомиялық пинцетпен амнион қабықшасын ХАҚ-мен бірге тартып тұрып, вирусы бар материалды
шприцпен енгізеді. Қабықшаларды босатып, тесікті лейкопластырьмен бекіткен соң вертикальды жағдайда
термостатта өсіреді.
Ұрықтың денесіне жұқтыру тәсілін
амнион қуысына жұқтырған әдістер тәрізді 7-12 күндік тауық
эмбриондарында жүргізеді. Бұл әдістерде енгізілген инені қозғалтқан кезде ұрық инемен бірге қозғалады.
Жұқтыратын материалдар бас миына, дененің белгілі бір бөлімдеріне енгізіледі.
Хорион-
а
ллантоис қабықшасының қан тамырларына жұқтыру.
11-13 күндік тауық эмбриондарын
овоскопиялау нәтижесінде қан тамырлары көрінген жерінің қауызын ашады да, сол жерге 1-2 тамшы спирт
тамызып (қауыздың астыңғы қабықшасын біраз уақытқа дейін мөлдірлендіру үшін), қан тамырына
жұқтыратын суспензияны енгізеді. Қауыздың жалаңаштанған жерін лейкопластырьмен бекітеді.
Жоғарыдағы әдістермен жұқтырылған тауық эмбриондарын +33-37
0
С температураға реттелген
термостатта инкубациялайды. Жұқтырылған эмбриондарды күнделікті овоскоппен бақылап отырады.
Жұқтырғаннан кейін алғашқы 24 сағат аралығында өлімге ұшыраған эмбриондар алып тастайды. Себебі бұл
уақыт аралығында бөгде микрофлоралармен ластанған, жұқтыру кезінде жарақаттанудан өлген эмбриондар
жарамсыз болып есептеледі. Одан кейінгі эмбриондардың өлімге ұшырауы вирустардың көбеюі әсерінен
болады. Мұндай эмбриондарды таңдап алып, тез арада тоңазытқышқа (+4
0
С) ауыстырады. Тоңазытқыштағы
эмбриондардың құрамындағы вирутардың белсенділігі ұзақ сақталады және ұлпалар тығыздалып,
тамырлары босап, оларды жарып алуға жеңілдік тудырады.
Достарыңызбен бөлісу: