Утратил силу архив



Pdf көрінісі
бет3/11
Дата07.02.2022
өлшемі162,46 Kb.
#92760
түріПротокол
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Бронхылық демікпелік статус Архив - Аурулардың диагностикасы және емдеу хаттамалары (Приказ №764, 2007, №165, 2012) MedElement

2. Метаболизмдік түрі: (ДЖ баяу дамитын түрі) – β-адренергиялық рецепторларының функциональды
блокадасы маңызды орын алады. Демікпелік жағдайдың бұл түрі аяқ астынан, кейде бірнеше
тəуліктен немесе аптадан соң пайда болады. Науқастар белгілі бір көлемде жүріп-тұра алады (бөлмеде
қимылдау, əжетханаға бару), бірақ өте қиналады, ентігумен қатар жалпы жағдайы нашарлайды. 
ДЖ ағымының ауырлығына байланысты бөлінуі: 
I кезеңі – салыстырмалы компенсация кезеңі.
Симпатомиметиктерге жəне басқа да бронходилятаторлық емге көнбейтін, бронхылық демікпенің
ұзақ уақыт басылмайтын ұстамасы. 
Келесі клиникалық симптомдар мен синдромдар байқалады:
- тыныс алу мен тыныс шығарудың айқын қиындауымен, қашықтан естілетін сырылдар мен минутына
30 жəне одан көп тыныс жиілігімен жүретін тахипноэ;
- науқастың екі иық тұсы көтеріңкі фиксацияланған, демін алу үшін көкіректің қосымша
бұлшықеттерін іске қосуға мəжбүрлі қалыпта болады;
- тері жəне сілемейлі қабаттарда жайылған цианоз;
- перкуссия жасағанда қораб дыбысы естіледі;
- аускультация жасағанда өкпенің төменгі бөлігінде əлсіз везикулярлық тыныс, жоғарғы бөлігінде
қатқыл, жайылған құрғақ сырылдар естіледі;
- əлсіз тахикардия;
- артериялық қысым қалыпты немесе жоғары;
- ЭКГ-де оң жақ қарынша мен жүрекшеге жүктеме түсу белгілері;
- ұзаққа созылған гипервентиляция қақырықтың тұтқырлығын артырады, ол бронхылардың
саңылауын толығымен бітеп гиперкапния мен гипоксемияны көбейтеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет