2. Метаболизмдік түрі: (ДЖ баяу дамитын түрі) – β-адренергиялық рецепторларының функциональды
блокадасы маңызды орын алады. Демікпелік жағдайдың бұл түрі аяқ астынан, кейде бірнеше
тəуліктен немесе аптадан соң пайда болады. Науқастар белгілі бір көлемде жүріп-тұра алады (бөлмеде
қимылдау, əжетханаға бару), бірақ өте қиналады, ентігумен қатар жалпы жағдайы нашарлайды.
ДЖ ағымының ауырлығына байланысты бөлінуі: I кезеңі – салыстырмалы компенсация кезеңі. Симпатомиметиктерге жəне басқа да бронходилятаторлық емге көнбейтін, бронхылық демікпенің
ұзақ уақыт басылмайтын ұстамасы.
Келесі клиникалық симптомдар мен синдромдар байқалады:
- тыныс алу мен тыныс шығарудың айқын қиындауымен, қашықтан естілетін сырылдар мен минутына
30 жəне одан көп тыныс жиілігімен жүретін тахипноэ;
- науқастың екі иық тұсы көтеріңкі фиксацияланған, демін алу үшін көкіректің қосымша
бұлшықеттерін іске қосуға мəжбүрлі қалыпта болады;
- тері жəне сілемейлі қабаттарда жайылған цианоз;
- перкуссия жасағанда қораб дыбысы естіледі;
- аускультация жасағанда өкпенің төменгі бөлігінде əлсіз везикулярлық тыныс, жоғарғы бөлігінде
қатқыл, жайылған құрғақ сырылдар естіледі;
- əлсіз тахикардия;
- артериялық қысым қалыпты немесе жоғары;
- ЭКГ-де оң жақ қарынша мен жүрекшеге жүктеме түсу белгілері;
- ұзаққа созылған гипервентиляция қақырықтың тұтқырлығын артырады, ол бронхылардың
саңылауын толығымен бітеп гиперкапния мен гипоксемияны көбейтеді.