ЕДШ (емдік денешынықтыру) - тыныс алу жолдарын емдеуде тамаша
көмекші құрал. Таза ауадағы немесе жаттығу залындағы сабақтар тыныс алу
ағзалары ауруларын емдеу және алдын алуда жалпы ағзаның жағдайын
жақсартуда белсенді қолданылады.
Емдік жүру ол СКЕ-де өзінің орыны бар. Тыныс алу жүйесін емдеу, оның
ішінде демікпе мен бронхитті емдеу үшін санаториялық емдеуде терренкур
сияқты емшаралар белсенді қолданылады. Терренкур- бұл емдеу әсері бар
алдын ала белгіленген бағыт бойынша жаяу жүру.
Терренкурдың бағыты тік немесе қиылысқан жерлерде, тау немесе орман
арқылы өтуі мүмкін.
Санаторийде өкпені емдеу кезінде, маршрутты санаторийлік дәрігер
жоспарлайды, әрбір науқасқа жеке жүктемені (дербестендірілген тәсіл)
есептейді [24,25,26].