121
курстың терминдер мен ұғымдарына арналған гипертекстік құрылымы;
пайдаланушыға ыңғайлы құрылым – оқытушы материалды беру реті мен бейнелеудің
бірнеше түрін таңдай алады.
Сол арқылы бір оқу материалын әр түрлі аудитория үшін әдістемелік қажеттілік болса әр түрлі түрде
беру мүмкіндігі бар.
Кейстің құрамына белгілі бір нормативті талаптар жоқ. Кең таралған документтер мен
дыбыс, анимация, графикалық кірістірулер, слайд-шоу пайдаланылады.
Студент оқулықтың кез келген бетін қағазға шығара алады.
Студент оқу материалдарына кез келген әдіспен қол жеткізе алады (Интернет, CD-
ROM).
Оқулыққа кіріктірілген білімді тексеру жүйесі бар.
Оқулық бетінен Интернет ресурстарына қол жеткізуге болады.
Қашықтан оқыту барысында көңіл бөлетін технология Желілік-технология – білім алушы,
оқытушылар, әкімшілік арасындағы интерактивті өзара әсері мен оның оқу-әдістемелік құралдармен
жабдықталуын қамтамасыз етуде телекоммуникациялық желіні қолдануға негізделген [6];
Оқытудың желілік –технологиясына жатады:
-
Интернет желісін пайдалану;
-
Электрондық поштаны пайдалану;
-
Телекоммуникациялық құрылғыларды пайдалану;
-
Мультимедиамен жабдықталған, интернетке шығу мүмкіндігі бар желелік
компьютерлік класс;
Электронды почта студенттерге курстың негізгі мәселелері бойынша конфиденциалды хат
жазысуға мүмкіндік береді. Электронды почта арқылы ақпаратты жоғары жылдамдықпен жіберу
мүмкіндігінің арқасында студентке көмек дер кезіңде, сұранысты алған соң бірден көрсетіледі.
Интернет көмегімен студенттермен кері байланыс орнатып қана қоймай, олардың оқу қызметін
бақылауға, бағалауға болады.
Жоғары оқу орындарында қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқытушының негізгі міндеті
студенттің келесі түрдегі орындалатын өз бетінше жұмысын басқару болып табылады: туындайтын
мәселелерді қарастыру; мақсат пен міндеттерді қою; білім, тәжірибелерді беру; ұйымдастыру қызметі;
студенттердің арасында өзара байланысты ұйымдастыру; оқу процесін бақылау болып табылады.
Студенттер қашықтықтан оқыту кезінде білім беру процесінің негізін қолайлы уақытта, ыңғайлы
орында, тиімді темптегі өз бетінше жұмыс құрайды. Сондықтан студенттер өз бетінше жұмыстың
техникасы мен әдістемесін, жоғарғы деңгейде білімді өз бетімен толықтыру негіздерін меңгеруі қажет.
Сонымен, бірге нәтижелі түрде оқу үшін жаңа ақпараттық технологияның кұралдарымен жұмыс істей
білуі тиіс.
Сонымен, қашықтан білім берудің негізгі тетігі ретінде Smart education жүйесін жоғары оқу
орындарында дамыту – адамның білім алуға және ақпарат алуға деген құқықтарын іске асыратын
үздіксіз білім беру жүйесі нысандарының бірі ретінде мамандардын негізгі қызметін атқара жүріп
білімін, біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: