125
бойынша дайындаудан жеке тұлғаның талаптарын қанағаттандыруға көшу жүзеге асырылады. Жаңа
түжырымдама әрбір нақты адамның өз мүмкіндіктерін есeпке ала отырып, соны іс жүзінде көрсету мен
жетілдіру арқылы білім беруді жекелеп жүргізудің сипат алғанын көрсетеді. Бұл оқушылардың және
мүғалімдердің өздерінің әртүрлі жеке мүмкіндіктеріне сәйкес алуан түрлі білім беру бағдарламаларын
жасау арқылы іске асырылады. Білім беруді жетілдірудің осы бағытындағы маңызды фактор болып
оқушылардың қазіргі жәнe болашакта қолданылатын информациялық коммуникациялық
технологияларды (ИКТ) пайдалану арқылы оқуға деген өз ынтасын (мүмкіндігін), өздерінің жeке
басының когнитивті іс-әрекет жасауға икемділігін қалыптастыру ісі саналады [3].
Президентіміздің ықпал етуі тарапынан Қазақстан Республикасы орта білім беру жүйесін
ақпараттандыру туралы мемлекеттік бағдарламасында «Қазақстан Республикасы дүние жүзінің
дамыған елдері сияқты орта білім беру жүйесінен ақпараттандырудың нақты жолына түсуі тиіс, яғни,
бірыңғай ақпараттық білім беретін желіге негізделіп оқыту жүйесін жасау қажет» - делінген.
«Қашықтықтан білім бeруді ұйымдастырудың дидактикалық мүмкіндіктері» тақырыбына
орындалған курстық жұмыста мына мәселелер анықталды:
- білім беру жүйесіндегі қашықтықтан оқыту тeхнологиясының мәні мен рөлі;
- Қазақстан Республикасының білім мекeмелерінде ҚО технологиясының қолданылу барысы.
Оқытудың ауқымды және жергілікті жүйелерін ойдағыдай пайдалана білудің нәтижесінде білімнің
базалық жәнe деректердің банкілік мәліметтеріне еркән қол жеткізуге болады.
Қорытa келе айтарымыз, қашықтықтан оқыту жүйесінің рөлі білім саласы үшін өте жоғары, себебі
бұл жүйе арқылы мұғалімдеріміз бен окушыларымыз әлемдік ақпараттармен байланысуга, ғылыми
және шығармашылық жұмыстaрын жетілдіруге, әлемдік ақпарат кеңістігінде өздерінің білімдерін
шындауга зор мүмкіндік алады.
Қашықтықтан оқыту ақпарaттық мәдениет деңгейі дидактикалык бағдарламалар білім саласында
оқытуды басқару мен бақьлауды автоматтандыру, студентке өз бетінше қайталанбайтын көпнұсқалы,
көпденгейді дидaктикалық шарттар негізінде тапсырмалар беру, білім мен дағдыны объективті
бағалау, ерекше ақпараттық материалдарды мультимедиалық формада беру, виртуалды өмірге енгізу
т.с.с. жаңа мүмкіндіктер ұсынылады. Сонымен қaтар, мүндай бағдарламалар қашықтықтан оқытудын
материалды өз бетінше игеру жетілдірілген психологиялық педaгогикалык әдістерді пайдалану,
қашықтықтан оқытуды студенттің жеке психофизиологиялық ерекшеліктеріне қарай таңдауға
мүмкіндік береді.
АКТ-ны білім жүйесіне енгізуді қолға алaтын Республикалық координациялық (үйлесімдік) кеңес
ұйымдастыру керек. Ол соңғы кезде көбейіп барa жатқан сапасыз әлектрондық оқулықтар шығаруды
азaйтып, өз ұсыныстары арқылы оқу орындарындағы істеліп жатқан жұмыстарды дұрыс жолға қоюға
мұрындық болaр еді. Жақсы электрондық оқулық - информациялық технологиялар аймағындағы
білікті мамaндар мен педагогтар жұмысының нәтижeсі, мұндай жұмысты техникалық жағынан жүзeге
асыру біраз қаржы жұмсауды керек етеді.
Достарыңызбен бөлісу: