Шығармашылық тапсырмалар жүйесі негізінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту ендибай Медет Ерболұлы



бет1/4
Дата10.04.2022
өлшемі0,58 Mb.
#138671
  1   2   3   4
Байланысты:
2 Шығармашылық тапсырмалар жүйесі негізінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту (1)


ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР ЖҮЙЕСІ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ


Ендибай Медет Ерболұлы
d2.medet.d2elac@gmail.com
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ магистранты, Нұр-сұлтан, Қазақстан
Ғылыми жетекшісі – Темиркулова Н.И.

Қазіргі әлем даму қарқынының жеделдеуімен, білім экономикасына көшуімен, әлеуметтік және табиғи мәселелердің жаһандық сипатымен, қоғамды демократияландыру мен цифрландырумен сипатталады. Әлемдік даму тенденциялары көптеген елдерде болып жатқан білім беру жүйесін реформалау және жаңғырту қажеттілігіне әкеледі. Дәстүрлі білім беру жүйесінің дағдарысы жаһандық әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер мен қазіргі формадағы білім берудің жаңа міндеттерге жауап беру қабілеті арасындағы объективті түрде қалыптасқан қарама-қайшылықтардың нәтижесі болды. Қазір бізге білім беруді ізгілендіру, демократияландыру, интеграциялау, стандарттау, ақпараттандыру, технологияландыру және оның сабақтастығы сипатталатын жаңа білім беру жүйесі – «инновациялық білім беру» қажет. Мұндай білім беру оқушыларда болашақты проективті түрде анықтау қабілетін, оған жауапкершілікті, өзіне және қабілеттеріне сенімін қалыптастыруға, бейтаныс жағдайларда алған білімін қолдана алуға яғни функционалдық сауаттылыққа бағытталған.


Білім өз иесіне әлемдік, ұлттық және аймақтық нарықтардағы бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етуі керек, технологияның өзгеруі күрделірек кәсіптер мен жаңа кәсіптердің пайда болуына әкеледі және бұл жұмыс күшінің сапасына қойылатын талаптардың өзгеруімен қатар жүреді. Адам өмір бойы өзінің кәсіби біліктілігін үнемі жетілдіріп отыруға, тез өзгеретін өмір жағдайларында қайта даярлауға қабілетті болуы керек. Яғни заманауи адам функционалды сауатты болу керек. Дәл осы дағды адамға алған білімін қолдана отырып, белгілі бір жағдайларда салыстыруға, бейімделуге және дұрыс әрекет етуге мүмкіндік береді.
4K концепциясы – шығармашылық, сыни ойлау, ынтымақтастық және қарым-қатынас – кез келген салада табысқа жетуге көмектесетін төрт дағды 1950 жылдары АҚШ-та пайда болды. Жоғары нәтижеге жету үшін оқушыларға механизмдерді мүлтіксіз меңгеріп, еңбекке қажетті қарапайым дағдылар hard skills дамыту жеткіліксіз. Әріптестермен және басқа да адамдармен өзара әрекеттесу мүмкіндігі бірдей маңызды. Оларды жұмсақ немесе қосымша дағдылар – soft skills деп те атайды. Оқушыларда 4К-ны (сыни тұрғыдан ойлау, шығармашылық, қарым-қатынас, ынтымақтастық) қалыптастыру негізінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға ықпал етеді.
Біздің ойымызша оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін шығармашылық тапсырмалар мен зерттеу тапсырмалары ұсынылады, өйткені оқушыларға оларды шешу алгоритмі белгісіз болғандықтан бұл оқушыға сыни тұрғыдан және шығармашылық тұрғыдан ойлауға түрткі болады. Өз кезегінде шығармашылық тапсырмаларды жүйелі түрде орындау оқушыларда сыни тұрғыдан ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамытуға әкеледі. Ал оқушыларда қарым-қатынас, ынтымақтастық дағдыларын дамыту үшін оқушыларға тапсырманы жұппен және топпен бірлесе отырып орындауға беру керек. Өйткені мұндай жағдай оқушыларға ортақ мақсатқа жету үшін ынтымақтастықта болуға және бір-бірімен тіл табысып жақсы қарым-қатынаста болуға түрткі болады.
Мектепте жаттығу сипатындағы тапсырма мен шығармашылық тапсырма арасындағы аралық буын ретінде қарастыруға болатын тапсырмалар да маңызды орын алуы керек. Оларды орындау оқушылардан үлкен дербестік пен бастамалық көрсетуді талап етеді, бірақ «бұл тапсырманы орындаудың жалпы идеясын табу – шығармашылық емес, логикалық болып табылады.»
Мысал. «Адам шаңғымен жаңа жауған қардың үстіне шығып, сосын етікпен жаңа жауған қардың үстіне шықса не байқаймыз. Жауабыңызды негіздеңіз, содан кейін оны тәжірибе арқылы тексеріңіз.»
Мұндай тапсырманы шығармашылық деп атауға болмайды, өйткені оны жүзеге асыру үшін ортақ идеяны іздеу өзіндік көзқарасты қажет етпейді. Осыған қарамастан, бұл түрдегі тапсырмалар оқушыларды шығармашылық зерттеу жұмысын орындауға тікелей дайындайды және оқушылардың шығармашылық жұмысы жүйесіндегі алғашқы дайындық сатысы деп санауға болады. Осындай тапсырмаларды орындап жаттыққаннан кейін оқуышыларға шығармашлық тапсырмаларды беруге болады.



Сурет 1
1-суретте мұз жарылып суға түсіп кеткен бала мен оның ағасы бейнеленген. Ағасының жанында адамды құтқаруға көмектесетін ешқандай құрал жоқ. Бірақ ағасы батып бара жатқан інісін құтқаруға бел байлады. Сіз осы жағдайда болғаныңызда баланы қалай құтқарушы едіңіз? Өз жауабыңызды физикалық тұрғыдан түсіндіріңіз.
Оқушы бұл шығармашылық тапсырманы орындау үшін:

  • Қысым деп бірлік ауданға перпендикуляр түсірілген күш әрекетін сипаттайтын физикалық скаляр шама екенін; формуласын р = F/S білу керек



  • Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет