48-ші ғылыми-әдiстемелiк конференциясының материалдары



Pdf көрінісі
бет156/295
Дата07.02.2022
өлшемі5,84 Mb.
#92969
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   295
Байланысты:
3-книга

Түйін сөздер: университет, кәсіпкерлік, білім беру, трансформация, Жоғарғы оқу орны, бәсеке, 
қаржыландыру.
 
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа 
Жолдауында: «Білім беру реформасы табысының басты өлшемі-тиісті білім мен білік алған еліміздің 
кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу 
болып табылады. Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол 
жеткізуге тиіспіз [1]» – деген болатын. Осы мақсатта Қазақстан Республикасының азаматын 
қалыптастыру, оның тез өзгеріп отыратын әлемде табысты білім алуға деген сұранысын қалыптастыру, 
бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу және оқыту басты мақсат болып отыр.
 
Осыған орай еліміз жыл 
сайын жоғары оқу орындарының жұмысын жетілдіру, білім беру сапасын әлемдік деңгейге көтеру 
жолында жұмыс істеп келе жатыр. Жоғары оқу орындарын нарыққа бейімдеу де бәсекеге қабілетті, 
сапалы білімді жастар тәрбиелеуде үлкен үлес атқарады. Қазіргі таңда «Enterpreneurial 
Universitу» ұғымы, яғни кәсіпкерлік білім беру дамыған мемлекеттерде кеңінен таралған. Мемлекет 
тарапынан қолдау, қаржыландыру азайған университеттер білім жүйесіндегі мәртебесін, дейгейін 
жоғалтпай, үздіксіз даму үшін ұйымдастырылған амалдың бірі кәсіпкерлік университет. Яғни, 
университет тек білім беру ордасы емес, зияткерлік пен дербес қаржылық қуаты жоғары қазіргі заман 
талабына сай білім орталығы. Кәсіпкерлік университетте студенттер мансап, кәсіп жолында алғашқы 
қадамдарын бастап, тәжірбие жинап қана қоймай, ел болашағына орасан зор үлес қосатын
кісәпорындардың бастамасы болады. Өйткені дәл осы білім ордасы ескі технологияны жаңа 
технологиямен алмастыру, жандандыру сияқты ұзекті мәселелердің шешімін табылатын орта. спирал 
әдісін ХХІ ғасыр басында Г.Ицковиц пен Л. Лейдесдорф ғалымдары ойлап тапқан кәсіпкерлік білім 
беруде үш деңгейі әлі күнге дейін білім саласындағы мамандар тарапынан қызу талқылануда [2]. Бұл 
модель үш институт ғылым – мемлекет-бизнестің инновациялық технологияларды дамытудағы 
ұйымаралық өзара әрекеттесуін сипаттайды. 
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік 
бағдарламасында ЖОО-лардың автономды режимге көшу туралы жазылған болатын. Бұл, Қазақстанда 
университтерге бөлінетін мемлекеттік қолдау жыл өте келе қысқарып, нарыққа бейімделе білетін 
университтер қалады деген сөз. 
 
Кәсіпкерлік университеттер қаржылық жағынан пайда әкеліп қана қоймай, қоғамдға маңызды – 
әлеуметтік-экономикалық даму, инновацияларды әзірлеу мен енгізуді қамтамасыз ету керек. Білім 
жүйесінің транформация жолына әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті де өз үлесін қосып 
келе жатыр. Атап айтар болса, шығыстану факультеті, қиыр шығыс кафедрасында 2017 да аз болса да 
өз үлесін қосып келе жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   295




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет