329
Сондықтан білім саласындағы жаһандық бәсекеге неғұрлым бейімделген мамандарды даярлау
қажеттілігі туындауда.
Осыған байланысты біздің мақсатымыз қазіргі заманға лайық үштілді білетін, әмбебап «Генетик»
мамандарын даярлау және сол мамандар өндіріске қажетті, елміздің өркендеуіне үлес қосатын
ізденіске ие болатын кадрлар болу керек. Кез – келген білімді жас өмір талабына сай мамандықты
өзгертіп, нарықтық эконимикаға бейімделе алу керек. Ең басты капитал білім екендігін түсініп қана
қоймай, үнемі жетілдіріп отыру керек. Білім әр адамның рухани азығы. Өмір сүру үшін өзгере білу
керек. Оған көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала беретіндігі анық, сол үшін біз үнемі жетіліп,
ізденіп, дамып отыруымыз керек. Қазіргі кездегі латын әліпбиіне көшу ұсынысы да орынды, бұл
биологтар үшін аса қиындық тудырмайды, себебі биологияда кездесетін терминдердің көпшілігі
латыннан аударылған және студенттерге арнайы латын тілі жүргізіледі. Сонымен қоса, ағылшын тілін
меңгеру арқылы әлемнің кез – келген жерінде отырып, ғылым мен білімнің көкжиегіне шыға алады
деген сөз.
Үштілділік – нақты тұлға, ұжым, халықтың белгілі бір қоғамда қарым-қатынас үдерісінде қажет
болған жағдайда үштүрлі тілді алма-кезек қолдану құбылысы. Біз үштілділікті тәуелсіз еліміз үшін
стратегиялық мәні ерекше құбылыс деп бағалаймыз, сондықтанда бұл құбылысты төрттілділік пен
бестілділіктен бөліп қараймыз, үштілділіктің кез келген сыңары ретінде кез келген шет тілін алуға
болар еді, бірақ біз бұл жерде де қоғамның нақты сұранысы басым түскен қазақ, орыс, ағылшын
тілдеріне ерекше мән берген жөн деп түсінеміз [3]. Ұлтаралық қатынастарды реттеуде, қоғамдық
татулық пен келісімді тұрақты ұстауда, халықаралық маңызды мәселелерде ортақ шешімге келуде,
жаңа инновациялық технологияларды, заманауи көзқарастар мен идеяларды енгізіп, кеңінен таратуда
орыс тілінің рөлі айрықша екендігі баршаға мәлім. Тарихи көршілестік барысында орыс тілінің
атқарған қызметі орасан зор. Себебі, орыс тілі, мәдениеті қазақ халқының өркениет жолын таңдауына
үлес қосты. Жаңа дәуірде, жаңашыл бастамалар кезеңінде орыс тіліне жүктелер міндетте күрделене
түспек. «Үш тұғырлы тіл» идеясының үшінші құрамдас бөлігі – ағылшын тілін үйрену. Ағылшын тілін
меңгеру дегеніміз– ғаламдық ақпараттар мен инновациялардың ағынына ілесу деген сөз. Бұл үш
құрамдас бөліктердің негізгі идеясы мынаған саяды: Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей
пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек [4-5]. Яғни мемлекеттік тілді дамытамыз,
орыс тілін қолдаймыз, ағылшын тілін үйренеміз. Осы тұрғыдан алғанда, биология факультетінің
студенттеріне арнайы көп тілді топтар ашыла бастады, ол топтар қазіргі кезде арнайы курстарды
ағылшын тілінде және орыс тілінде меңгере алады. Ол деген сөз ағылшын тілін білмесең, ол арнайы
курстан осы тілде оқи алмайсың деген сөз, сондықтан студенттердің басым көпшілігі сауаты бар деп
айтуға болады. Ағылшын тілін меңгерген студенттер пайызы жылдан жылға өсіп келеді. Ал
магистранттардың студенттерге қарағанда басым көпшілігі ағылшын тілін меңгерген меңгерген, емін-
еркін сөйлей алатын жастар деп айтуға болады. Арнайы курстарды меңгеру барысында олар өз тілінде
емес ағылшын тілінде білім алады, сол тілде терминдермен танысып, емтиханды сол тілде тапсырады,
әрине қиын, бірақ пәнді оқу барысында тілді қосымша мамандығына сәйкес игереді. Дегенмен, әліде
шешілмеген мәселе көп соның бірі ауылдан келген жастар және басқа мемлекеттен келген оралман
студенттер тілді меңгеру қиын топтарға жатқызуға болады. Студенттерге және тілді меңгермеген
оқытушыларға университет тарапынан тілді білу үшін қосымша, тегін курстар ашылса, нұр үстіне нұр
болар еді. Айта кететін жайт, шығармашылық, немесе рефераттық жұмыстарды орындауда интернет
жүйесінде қазақ тіліндегі ақпараттың аздығы және мәліметтердің нақылығының төмендігі, ауыл
балаларына, әсіресе көршілес шет елден келген отандас студенттерімізге өз қиыншылықтарын
туғызуда. Ал, тек пәннің мазмұны бойынша ғылыми ақпаратты толық игергенде ғана студент өзіндік
жұмысының тапсырмаларын орындауда едәуір тиімді құралдарды таңдап алуға, оларды бірізділікпен
құруға мүмкіндік алады. Сондықтан қазақ тілінде оқу-әдістемелік құралдарын жасау бүгінгі күннің
өзекті мәселелерінің бірі болып қала береді. Сонымен, білім беру саласында оқытудың кредиттік
жүйесі бойынша білім беруші оқытушылар студенттердің мамандықтарына сәйкес өзіндік
жұмыстарына ерекше көңіл бөліп, студенттер үшін ұтымды, әрі өмір дағдыларын дамытатын жұмыс
түрлерін іздеуі қажет ететіні айқын.
Молекулалық генетика және генетика кафедрасына маманданған студенттердің екі тобы соңғы
жылдары көптілде білім алады. Осы топтарды оқытуда бірқатар қиындықтар кездеседі:
Достарыңызбен бөлісу: