330
топтарды жүйелі мектеп- университеттің бастапқы курстарынан бері оқыған студенттерден
құрастырмағандықтан, мамандық бойынша терең білім беру, генетика есептерін шығарып үйретудің
қиыншылықтары аз емес. Мысалы, студенттерге терминдер мен есептер түсінікті болуы үшін бір есепті
екі тілде жазу, тексеру қажет. Сондықтан қазіргі уақытта осы қиыншылықтарды жеңу мақсатымен үш
тілдік сөздіктер мен есеп жинағы құрастырылуда.
Үшіншіден
, әлі де болса қарқынды даму үстіндегі биотехнология мамандарын дайындауда арнайы
курстардан мысалы, «Биотехнологияның молекулалық-генетикалық негіздері», «Генетикалық талдау»,
«Адам цитогенетикасы» сияқты көптеген пәндерден ағылшын және қазақ тілдерінде оқулықтар аз,
оқытушылардың оқулық жазуға уақыттары жетіспей жатады.
Төртіншіден
, оқытушыларды мамандар жетекші ЖОО базасы негізінде
ғылыми іс-тәжірибеден
өткен оқытушылар саны кафедрада бір-екеу. Сондықтан университеттің жас мамандарын тілдік қайта
дарярлаудан өткізу керек.
Қазіргі заманда әмбебап, ізденуші маман болуға білім мен ғылымның негізгі ұстамы - теория мен
практикалық бағытты қатар алып жүру тағы да бір мақсаттың бірі. Өйткені, өндіріспен байланыспаған
білім жүйесінің білікті маман дайындай алмайтынын өмір көрсетіп отыр. Бұл жағдайдан шығудың
бірден-бір жолы, жоғарғы оқу орнының (ЖОО) ғылыммен ықпалдастығын күшейту қажет болып отыр
[1-4]. Дамыған елдердің экономикасындағы түбегейлі өзгерістерге байланысты Қазақстанның жоғары
оқу орындарында да, кәсіби маман даярлау жүйесіне түбегейлі өзгерістер енгізілуде. Жұмыс берушілер
тек жоғары кәсіби білімді маманды ғана емес, жаңаша, күрделі кәсіби-өндірістік проблемалар туғанда
шұғыл шешім қабылдай алатын және мекеменің жұмысына бірден кірісіп кетуге тәжірибелік қабілетті,
жаңа дағдарыстың бағытына сай, ойшыл жастарды жұмысқа алады. Сонымен қатар, қазіргі қоғамдағы
мекеме, маманнан кәсіби білім мен біліктілігіне қоса басқа да құзыреттіліктерді: компьютермен үш
деңгейде (өңдеушілік, желілік, кәсіби бағдарламалар) жұмыс істей білуді, кемінде бір шет тілін білуді,
маркетинг негіздерін, психологиялық әдістемелерді, менеджерлік дағдыларды игеруді талап етеді[1-
6]. Студентті және магистранттарды болашақ кәсібіне сай жан-жақты дайындау үшін, мақсатты түрде
ғылыми зерттеу институттарының ғалымдарымен келісе отырып, өндірістік тәжірибе жұмыстарымен
ұштастыру қажет. Сол себепті әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде дәстүрлі оқыту
формалары мен өмірдің талабы арасындағы алшақтықты жоюға, маманның
тиімді кәсіби әрекет
жасауына қажетті ғылыми білімнің көлемінің ұдайы артуы мен мамандардың нақты даярлануы
арасындағы алшақтықты жоятын және толыққанды білімді қалыптастыруға, өзіндік жұмыс пен өзіндік
білім алу дағдыларын дамытуға мүмкіндік берілген. Осыған байланысты молекулалық биология және
генетика кафедрасының дәстүрлі оқу жобасының аясында, 5В060700-Биология және 5В070100-
Биотехнология мамандығы бойынша «Жалпы генетика», «Биология және биотехнологияны зерттеу
мәселелері жөніңдегі ғылыми зерттеу» институтарымен, «Ана мен бала» орталықтарымен келісім
шартқа отырып, студенттер практикасын сол институттарда жалғастырады.
Студенттер практика
уақытысында институттарда болып жатқан ғылыми жұмыстарды, эксперименттерге қатысып, ғылыми
ой жинақтап, тәжірибе алмасады. Мысалы, «Ана мен бала»орталығына барған студенттерге адамға
тәжірибе жасатпайды, бірақ түрлі тұқымқуалайтын аурулары бар айелдерге сынамалар алу арқылы
талдау жүргізеді. Алайда тәжірбиеден өткен студенттердің «Экомед» орталығы сияқты репродуктивті
медициналық орталықтарда жұмысқа тұруына жол ашылады.
Ғылыми институттарда жұмыс істеп келген студенттердің көпшілігі келешекте сол институттарда
өздерінің мамандықтары бойынша жұмыстарын жалғастырады. Бұл қуантатын жай. Бірақ дегенмен,
осындай ғылыми орталықтар студенттерді
шектеулі санмен алады, студенттердің басым көпшілігі
университетте зертханаларда қалатындықтан, оларға жұмыс жүргізу үшін материалмен қамтамасыз
ету қиындықтары туындайды. Соған қарамастан, практика барысында оқытушы генетикалық
жұмыстарды:
жоспарлау, ұйымдастыру, сарынын белгілеу, экспериментті жүргізу, нәтижені алу;
бақылау арқылы бақылап бағыт-бағдар беріп отырады.
Белгілі ғылыми жұмыстарда нәтижеге қол жеткізу үшін мынандай аналитикалық жүйеге
бағдарлайтын сұрақтардан құрылады:
- Бүгінгі күні қай эксперименттік нәтижелерге жеттік?
- Қайда, қандай нәтижелерге жетуіміз керек?
- Не icтeyiміз керек?
- Алынған нәтижені қайда қолданамыз?
- Дәлелдігі қандай?
Бipiншi сұраққа жауапты бүгінгі күннен іздеуіміз керек. Ол талдау, жинақтау електерінен өтіп
сұрыпталады. Осылай талдау жүргізіледі.
331
Сонымен бірге, ойлау өнерінің кілті – әр студенттің ic-әрекетін шыңдау (делегирование). Әр
студенттің шама-шарқына
лайықты жұмыс беріп, оның үнемі шыңдалуына басшылық жасау басты
мақсат. Кафедрада оқыту үдерісінің жолдары (мотив) даму жүйесін қамтамасыз ететін «Мына студент
жұмысын нәтижелі орындауы үшін не icтeyiміз қажет?» деген сұраққа іздеу барысындағы
ынтымақтастық істің нәтижесіне жетелейді. Бұл жолдың төмендегідей eкi амалы бар: студенттің үнемі
еңбекке өзін мәжбүр eтyi, егер адам өз мақсатын дұрыс түсінсе, ешбір сыртқы бақылаусыз, өз-өзін
басқару, бақылау негізіндегі еңбекке деген құлшынысын оятуы.
Әлбетте, студенттердің бipiншi орында әлеуметтік-тұрмыстық хал ахуалдары,
екінші орында
шығармашылық ынтасы, үшінші орында кәсіптік шеберліктің шыңына жету ықыласы байқалады,
сараланады. Практика барысында студенттердің келесі қасиеттеріне ерекше көңіл бөлінеді: өз-өзін
таныту (когнитив), қауіпсіздік қажеттілікке бағдар жасау, өзін мойындату, әлеуметтік қажеттілікке
мойын ұсыну, алынған нәтижеге қорытынды жаңаша философиялық көзқараспен құра білу. Ал
жұмысты бақылау төмендегідей кезеңдерге жіктеледі:
I кезең. Қалыпты айқындау (мақсат, міндет,
кеңістік, уақыт).
II кезең. Қол жеткен табысты басқа сапаға айналдыру.
III кезең. Мүмкін болар нәтижені бұрынғы қол жеткен табыстармен салыстыру.
IV кезең. Өзекті мәселені шешу.
Осы қасиеттерді бойына сіңіре білген нәтижеге қол жеткізген студент диплом қорғап, жақсы маман
бола алады, ал нәтижеге қол жеткізбейтін әлсіз студенттерге көмек көрсетуге тура келеді. Осы жерде
сұранысқа ие болатын үш тілді, белсенді студенттермен қоса әлсіз топтағы көмек қажет ететін
студенттерде болады. Сол көмек керек студенттерге негізінен қосымша өздерінің иекемі бар жұмыс
түрлерін ұсыну керек деп ойлаймыз. Бұл жерде биологтар үшін гүл өсіруші (флорист) немесе қаланы
гулмен безендіруші секілді жұмыстармен қамтамасыз ету керек сияқты.
Сонымен, халықаралық білім беру кеңістігіне интеграциялануға қабілетті, еңбек нарығын
қанағаттандыратындай жоғары генетик мамандарды дайындау үшін көптілді білім беруде оқу –
әдістемелік, материалдық-техникалық базаларды дамыту қажеттілігі бар. Сонда ғана қазіргі кезде
еңбек нарығында үлкен сұранысқа ие генетик мамандарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға
болады. Жоғары дәрежедегі «Генетик» мамандарды дайындау үшін тілдік курстарды тегін оқытуға жол
салу керек және оқытушыларды арнайы шетел елге іс – сапармен тәжірибе алмастыруға жіберген жөн.
Ғылыми институтармен байланысты нығайту мен бірге университеттегі зертханалардың материалдық-
техникалық базасын нығайту абзал.
Достарыңызбен бөлісу: