Аманжолова Ш.А. БИІК БЕЛЕСТЕГІ ӨНЕР ОРДАСЫ Аңдатпа. Мақалада«Университет4.0»үлгісінің негізгі құндылықтары болған:топта жұмыс істей алатын, шешім қабылдап, өзіне жауапкершілік ала алатын жеке қасиеттері дамыған қызметкерлерді дайындау жолында соңғы 25 жыл ішінде Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының жасап жатқан үлкен жұмыстары жөнінде баяндалады. Консерватория студенттері мен түлектері өздерінің кәсіби дайындығының бәсекеге қабілетті екенін тек Қазақстанда емес, шет мемлекеттерде де дәлелдеп және Консерватория еліміздің абыройын жақын және алыс шет елдерде асқақтатып жүрген біртуар орындаушылар және өнер қайраткерлерінің кәсіби мектебі болып табылатыны айтылған. Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы республикамыздың жоғары музыкалық кәсіби білім беру саласының ең үздік қайталанбас оқу орны болып табылады.