42
сахнасындағы концерттері толық аншлагпен өтеді. Әрине, концерттер мен халықаралық конкурстарға
қатысумен қатар студенттер мен ұстаздар аудиториялар мен зертханалардағы күнделікті сабақтарын
да ұмытқан емес.
Жоғарыда айтып өтілген жұмыстарымыздың тағы бір дәлелі ретінде өткен жылыдың ең айтулы
оқиғасы –
Астанада
EXPO-2017
Халықаралық көрмесі аясында өткен Гала
концертті ерекше айтып өту
керек деп ойлаймын. Бүкіл әлем көз тіккен осы бір үлкен іс-шарада өнер көрсету үлкен
жауапкершілікті талап етеді. Бірақ мұндай іс-шараның талайынан сүрінбей өткен ұжым бұл жолы да
көпшіліктің де, көрмеге келген қонақтардың да көңілінен шығып, өзіне жүктелген міндетті абыроймен
атқарып шықты. Құрманғазы атындағы ҚҰК ұжымының концерттік бағдарламасы көрермендер мен
қонақтар үшін әлемге танылған орындаушылар мен консерваторияның жас дарынды өнерпаздарының
орындауындағы симфоникалық, хор, үрмелі аспаптар және ұлттық музыканы ұсынды. Пианист, оқу
орнының бас ректоры Жәния Яхияқызы тыңдармандарын күтпеген жаңа туындылармен таң қалдырды.
Сахна төрінді әдеттегідей Бахтың емес, «Гарри Потер» мен «Кариб теңізінің қарақшыларының»
партитуралары ойналды. «Экспо-2017» Халықаралық көрмесіне ұжым әртүрлі жанрлық бағдарламалар
әкелді. Тыңдармандер мен қала қонақтары классикалық және заманауи музыка негізінде жасалған
ерекше музыкалық композицияларды тыңдап, әсем ән мен тәтті күйдің әуенінен ләззат алды. Қазақ ұлт
аспаптар оркестрінің орындауында әлемдік классика мен эстраданың жауһарлары жаңа виртуоздық
өңдеуде шырқалады. Осылайша Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваториясыны ұжымы өзінің
татулығы, өнерпаздығы арқасында талай іс-шараны ойдағыдай атқарып, талай асуларды бағындырды.
Осылайша Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваториясыны ұжымы өзінің татулығы,
өнерпаздығы арқасында талай іс-шараны ойдағыдай атқарып, талай асуларды бағындырды. Алдағы
уақытта да бұл оқу орнынан әлемді мойындататын ұлы өнерпаздар, қазақ халқының дәстүрлі ән-
жырын, ұлттық аспаптарын, күмбірлеген күйлерін әлемге танытатын ерекше дарабоздардың
шығарына кәміл сенемін.
Жалпы қорыта айтқанда, студенттеріміздің музыкаға деген тиянақгы ынтасы мен сүйіспеншілігін
тәрбиелеу, бірлесе отырып оркестрде ойнау, ән айту, олардың музыкалық қабілетін (есіту, ырғақ, есте
сақгау) қалыптастырумен катар, ортақ табысқа қуана білу, эстетикалық талғам сезімдерін дамытуға
тәрбиелейді. Үлкен салтанатты кештерде, мейрамдарда ұйымдастырылған мәдени-көпшілік іс-
шаралар студенттерімізді ортақ бір іске, мақсатқа топтастырып, достыкқа, ынтымақка жетелейді. Бұл
қасиеттердің барлығы «Университет 4.0» үлгісінің негізін қалайды.
Демек, ө
нер адамның сенім,
патриоттық,
интернационалдық,
адамгершілік,
сезімталдық,
мейірбандық, сұлулық сияқты қасиеттерінің қалыптасуына игілікті әсер етеді. Осы орайда Құрманғазы
атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы болашақта да рухани жаңғыру аясында еліміздің өнері мен
мәдениетін ұлттық құндылықтар аясында таным тереңдігіне бойлата түспек. Әрі әлемдік музыкалық
ЖОО-ның қатарына қосылу мақсатында «Университет 4.0» үгісі арқылы тікелей студенттердің
атсалысуымен түрлі жобалар мен іс-шараларды жүзеге асырмақ.
Достарыңызбен бөлісу: