ӨНДІРІСКЕ ҰСЫНЫС
Оңтүстік және оңтүстік –шығыс Қазақстан жағдайындағы алма көшеттіктерінде
2015- 2017 жылдары алынған зерттеулердің нәтижесі мен бізге дейінгі
жүргізілген ғылыми шетелдік әдебиеттердегі негізгі зиянкес бөжектерді қорғау
туралы мәліметтерді пайдалана отырып, зиянкес бөжектерге қарсы
төмендегідей күресу шараларын ұсынамыз.
1.Көшеттіктерде агротехникалық шаралар жүргізілді.
2.Энтомофагтарды еліктіру үшін балшырын өсімдіктерді (фацелия, қыша,
аскөк) балшырын өсімдіктері бүкіл вегетация бойы, әр 14 күн сайын шахматты
үлгіде көшет қатар аралықтарына және көшеттік жағалауларына отырғызылып
отырдық. Балшырын шөптерді 20-сәуір айынан бастап отырғыздық.
3.Көшеттіктерде көшет сапасын (тамырын, жапырағын, сабағын)
жақсарту мақсатында өсу реттеуіштері (корневин, экстрасол) және
биотыңайтқыш (Байкал ЭМ-1)вегетативтік телітушілерді көбейтетін аналықта
және 1-2 танап көшеттіктерінде, ерте көктемде және жазың соңында
қолданылды.
Экологияландырылған қорғау жүйесінде келесі препараттар қолдану
ұсынылады:
Авермектин+бензамидтер химиялық класс биоинсектицидтері:
Фитоверм,к.э(аверсектин С 2г/л.)
Проклэйм вит, в.р.г. (эмамектин бензоат 50 г/кг + луфенурон 400 г/кг)
Бактериалды биопрепараттар:
Ақкөбелек (вacillus thuringiensis, var. тhuringiensis)
Битоксибациллин (вacillus thuringiensis var. кurstaki)
Неоникотиноидты химиялық класс инсектициді
Актара в.д.г. (тиаметоксам 240 г/л)
Әр түрлі заттардан құралған химиялық класс инсектициді
Кораген, к.с. (хлорантранилипрол 200г/л)
Көшеттердің өсуін реттейтін биоактивті заттар
Экстрасол (вacillus subtilis штамм Ч-13)
Корневин (индол-4-ил(майлы қышқыл)
Биотыңайтқыш
Байкал ЭМ-1
4.Негізгі зиянкес бөжектерге қарсы биопрепараттарды және
биоинсектицидтерді сондай-ақ азтоксинді препараттарды алмастырып, зиянкес
бөжектердің даму кезеніндегі оңтайлы уақыттарда қолданду қажет.
Достарыңызбен бөлісу: