ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Респуликасының оңтүстік және оңтүстік–шығыс жағдайындағы
алма
көшеттіктерін
негізгі
зиянкес
бөжектерден
қорғаудың
экологияландырылған жүйесін қолдану арқылы, жоғары сапалы және
экономикалық тиімді көшет өнімін алу нәтижесінде мынадай қорытынды
жасауға болады.
1. 2015-2017 жылдары Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік –шығыс
жағдайында жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде алма көшеттіктеріне зиян
келтіретін бөжектердің 21 туыстасына жататын 32 түрі
және олардың
энтомофагтарының 9 туыстасына жататын 10 түрі анықталды.
2. Қоректік сипаты бойынша, біздің жиналған деректерге және ғылыми
әдебиеттердің мәліметтеріне сүйене отырып, алма көшеттіктерін зақымдайтын
фитофагтардың 4 түрін -монофагтарға, 6 түрін- олигофагтарға 22 түрін -
полифагтарға жатқыздық. Алма көшеттіктерінде
кездесетін фитофагтарды
маусымдық даму ерекшеліктеріне байланысты 32 түрдің 3 түрлі фенологиялық
тобы анықталды. Олар:Ерте көктем, көктем - жаз - күз – 7 түр; Көктемдік -
күздік – 1 түр; Көктем-жаздық-күздік - 24 түрге жатқыздық.
3. Жасыл алма бітесі
Aphis pomi Deg
.мен Қызыл қан
Eriosoma
lanigeruм
бітесінің биологиялық ерекшеліктері мен зияндылығын зерттелді.
Алма көшеттіктерінде
нағыз бітелердің
Aphidinea
туыстас бөжектерінің
зияндылығы
өте
жоғары
екендігі
анықталды.
Қызыл
қан
бітесініңдернәсілдердің көктемдік қайта белсенділік танытуы топырақ 8-10
0
С.
жеткенде көшеттің тамыр мойынына шығып шоғырланады. Біздің зерттеулерде
олардың жаппай көшіп қонуы 7 – 10 күнге созылды. Бітелердің тамырға зақым
келтіру белсенділігі ауа температурасының 15-17
0
С. болғанда байқалды, ал
жасыл алма бітесі еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыста 15-25 ұрпаққа
дейін береді.
4. Алма көшеттіктерінің негізгі зиянкес бөжектеріне қарсы қолданылған
қорғау шараларындағы препараттардың биологиялық
тиімділігін және
токсикологиялық сараптама жасалды. Экологияландырылған қорғау шарасында
қолданылған инсектицидтерінің биологиялық тиімділігі 85,6-95,4% дейінгі
көрсеткішке көрсетті.
Aлынғaн нәтижелер бойыншa, I-тәжиірбеде, aлмa
көшетінің жaпырaғы, тамыры,
сабағы және топырақта, қолдaнылғaн
инсектицидтермен өңдегеннен кейін 10-шы күн мен 30-шы күн aрaлығындa
0,03-0,24 мг/кг шaмaсындa тaбылды. Демек, бұл нұсқада қолданылған
препaрaттaр толығымен тез ыдырaп, өсімдіктерде кездеспеді. Ал II-тәжиірбе
нұсқасында
қолданылған препараттар
шектеулі мөлшерден көп болуы және
зерттеу нәтижелері көрсеткендей
10-шы күн мен 30-шы күн aрaлығындa
ыдырамай сақталатыны анықталды. Екі әсер етуші заттан тұратынНурелл Д,
к.э.(хлорпирифос, 500 г/л +циперметрин,50 г/л) инсектицідінің қалдық мөлшері
шамадан тыс жоғары болды, және ыдырамай сақталғандығы анықталды.
5.
Алма көшеттіктерін негізгі зиянкес бөжектерден
қорғау шараларын
ұйымдастыру барысындағы нәтижелерге сүйене отыра, жоғары тиімділікті
көрсеткен
I-тәжірибе яғни экологияландырылған қорғау шараларын жүйелей
келе біз алма көшеттіктерінің негізгі зиянкес бөжектерден қорғауға арналған-
экологияландырылған қорғау жүйесін ұсынамыз.
Экологияландырылған қорғау
жүйесі -барлық шараларды үйлестіре отыра қолданатын яғни далалық зиянкес
бөжектердін санын, сондай-ақ олардың табиғи жауларын еліктіру,
агротехникалық
шараларды толықтай орындау, өсімдіктің өсуін қамтамасыз
ететін биоактивті заттарды қолдану.
6. Алма көшеттіктеріндегі негізгі зиянкес бөжектерге қарсы жүргізілген
қорғау шараланының экономикалық тиімділігін анықтау барысында тәжірибе
нұсқаларының рентабельдік деңгейі: I-тәжірибе– 90,6%; II -тәжірибе – 81,7%;
және Бақылау (өңдеусіз) – 62,1 % бoлды, атап айтқанда I-тәжірибе нұсқасында
реантабельдік көрсеткіші жoғары келді. Экологияландырылған тәжірибе
нұсқасы экoнoмикалық жағынан тиімді бoлып еcептелінеді және ocы
нұсқалардан бoлашақта өнімділігі жoғары және сапалы көшеттіктерді қорғауда
негізгі зиянкес бөжектерге қарсы қолдануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: