Байланысты: Тыңдаушыға арналған нұсқаулық 10.09.2019 каз
Оқу дағдылары: түсініп оқу, математикалық
есептеу дағдыларын жақсартады.
Қосымша: Бұл жаттығу бел және көз бұлшықеттерінің қысымын төмендетіп, тыныс
алуды реттейді. Аталған жаттығу зейін концентрациясын жоғарылатуға, дененің
жазықтықта тұрақтылығын қамтамасыз етуге көмектеседі. Нәтижесінде дене тепе-
теңдігіжақсарып, қойылған мақсатқа жету үдерісінде аз күш жұмсалады. Сонымен бірге бұл
жаттығу қысқа мерзімді есте сақтауда өзекті болып табылады.
«Сорғы» (Помпа) 1. Тұрамыз. Бір аяқты алға шығыңқы етіп қойып, бүкіл табанға салмақ сала
отырып өкшені жерден қозғамаймыз. Екінші аяқ артта ұшымен орналасады. Бүкіл дене
алдыңғы аяқ тұсында болады. Денені тік ұстаймыз. Қиындық туғызған жағдайда орындық
арқалығына немесе қабырғаға қолымызды тірейміз.