Сұранысты қалыптастыру/қайта қалыптастыру –
бұл психолог маман тарапынан
кеңес алушының психологиялық көмекке жүгіну себептерін анықтап, осы мақсатта
психологиялық кеңес беру үшін кездесулерді, психологиялық қолдау көрсету жұмысының
себептерін бірлесе белгілеуі немесе ағымдағы жұмыс сұранысы мен кеңес алушының
шынайы сұранысын анықтау мақсатында оларды кейіннен қайта қалыптастыруы.
Сындарлы емес сұраныс –
бұл кеңес алушының психолог маманның кәсіби
ұстанымымен сәйкес келмейтін психологиялық немесе психотерапевтік көмектен туындаған
мәселелер мен күтілетін үміттерге көзқарасын көрсетуі. Сындарлы емес сұраныс әдетте
кеңес алушының бастан кешірген қиындықтарын шешуде өз қабілетсіздігін танудан аулақ
болуын, жауапкершілік жүгін жанындағы туыстарына немесе маманға артуға ұмтылуын,
кеңес алушының проблеманың туындауындағы өз үлесін мойындамауын, психологиялық
немесе психотерапевтік көмектен күтілетін нәтиженің шынайылық деңгейіне сәйкес
келмеуін көрсетеді.