Сабақтың тақырыбы: «ХХІ ғасырдың көшбасшысы».
Сабақтың мақсаты: Білімді, жан – жақты болуға үйрену, білуге, үйренуге
деген қызығушылығын арттыру. Жарысуға , жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Қажетті құралдар: тірек – сызбалар, сұрақтар жинағы, сигналдық белгілер,
сағат.
І «Бәйге»
Бұл кезеңде сіздер берілген сұраққа бірінші жауап беруге тырысыңыздар. Жауабыңыз дұрыс болмаса, келесі бала жауап береді. Әр дұрыс жауап үшін 10 балл алуға болады. Сонымен бәріңізге табыс тілеймін.
1 сұрақ. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі қашан жарияланды?
Жауап: 1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік Тәуелсіздігі жарияланды.
2 сұрақ. Қазақ тарихында тұңғыш рет ғарышқа кім және қашан ұшты?
Жауап: 1991 жылы 2 қазанда қазақ халқының перзенті Тоқтар Әубәкіров тұңғыш рет ғарыш сапарына аттанды.
3 сұрақ. 1992 жылы 20 қыркүйекте дүниежүзі қазақтары үшін қандай атаулы күн болды?
Жауап: 1992 жылы 30 қыркүйекте дүниежүзі қазақтары құрылтайының салтанатты мәжілісі ашылды.
4 сұрақ: Қазақстан төл құжатын азаматтарға беру қашан басталды?
Жауап: 1995 жылы 27 ақпан.
5 сұрақ: Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы қашан енгізілді?
Жауап: 1993 жылы 12 қараша.
6 сұрақ: Қазақ халқы өзінің тұңғыш президентін қашан сайлады?
Жауап: 1991 жылы 1 желтоқсан.
ІІ кезең «Жеті жұрттың тілін біл» (Тіл - өнер полиглот)
Кезеңіміздің атауын «Жеті жұрттың тілін біл» деп атадық. Мұнда сіздер қазақша, орысша, ағылшынша тілді дұрыс сөйлеумен қатар, қатесіз жазуларыңыз тексеріледі. Жазғандарыңызды тексеруге арнайы тексерушілер бар. Барлығыңызға табыс тілеймін!
1. Күн мен түн теңелетін жыл мезгілі. (көктем –весна - spring)
2 Жұмбақ.
Мұрты бар, иегінде сақалы жоқ,
Тоны бар, киеріне шапаны жоқ.
Пайдасы үй ішінен табылған соң,
Далаға кіріп шығар сапары жоқ. (мысық – кот - cat)
3 Мақал.
Жүз теңгең болғанша
Жүз ........... болсын (дос – друг - friend)
4. Футболшының алаңдағы ойын заты (доп – мяч - boll )
5. Жұмбақ.
Қабат – қабат қаптама,
Ақылың болса аттама. (кітап – книга - book )
6. Жеті қазынаның бірі - (ит – собака - doq )
7. Ұшқан....., жүгірген аң,
Бәрі тамақ. (құс – птица -bird )
8. Әр адамның шағын отаны (отбасы – семья - samily)
ІІІ кезең «Қызықты жетілік».
Бұл кезеңде сіздер өздеріңіз таңдап алған сұраққа жауап бересіздер. Мына сызбаға назар аударыңыздар. Жеңіл сұрақ алғыңыз келсе, 20 балдық сұраққа жауап беру арқылы аласыз. Мұндағы ең күрделі сұраққа жауап беру арқылы 40 балл жинақтауға болады. Әрине дұрыс жауап берсеңіз.
1. Қазақ тілінде қанша дыбыс бар? (37 дыбыс, 42 әріп бар)
2. Көптік жалғаулар (лар, лер, дар, дер, тар, тер)
3. Қазақтың ұлттық аспабында орындайтын әуен (күй) 20 балл
4. Елтаңбаның авторы кім? (Шот – Аман Уәлиханов және Жандарбек Мәлібеков)
5. Тудың ортасында не бейнеленген? (Күн) 30 балл
6. Қазақ Ордасының ең соңғы ханы кім болған? (Абылай хан – шын аты Әбілмансұр)
7. Қазақстанда «Қызыл кітап» қашан шықты? (1977 жылы)
8. Тәуке ханның қазақ тарихындағы ең үлкен еңбегі қалай аталады?
Бұл еңбекті жасауға кімдер қатысқан? (жеті жарғы – Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би)
40 балл
Осы кезеңнен кейін ұпайы аз оқушы ойыннан шығады.
IV кезең «Жорға»
Сіздер бұл кезеңде дайындалған сұрақтың қаншасына жауап берулеріңізге қарай ұпай жинауға болады. 1 сұрақ – 1 балл болып есептеледі.
Барлығыңызға сәттілік тілеймін.
1 –ші балаға сұрақ (а - нұсқа)
1. Жылдан құр қалған жануар (Түйе)
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі (Қазақ тілі)
3. Басты байлық (Денсаулық)
4. Ел басқару саласындағы ең жоғарғы лауазым туы (Президент)
5. Қара алтын (Мұнай)
6. Үй салмайтын құс (Көкек)
7. Он екі ай (Жыл)
8. «Кел балалар оқылық» өлеңінің авторы (Ы. Алтынсарин)
9. Абайдың әжесі (Зере)
10. Көру мүшесі (Көз)
11. Қазақстан астанасы (Астана)
12. Жер бетінің қағазға кішірейтіліп салынған бейнесі (Карта)
13. Заттың сынын білдіретін сөз табы (Сын есім)
14. 9 мамыр қандай күн (Жеңіс күні)
15. Жаңа туған балаға ат қойып, оны алғаш бесікке бөлеу дәстүрі (Бесік той)
16. Күйді орындайтын адам (Күйші)
17. Ақан Серінің тұлпары (Құлагер)
2 – ші балаға сұрақ (ә - нұсқа)
1. Жыл басы не? (Тышқан)
2. Қазақстан Республикасының ұлтаралық тілі (Орыс тілі)
3. Адам денесінің тірегі (Қаңқа)
4. Үкіметті кім басқарады? (Премьер - министр)
5. Ақ алтын (Мақта)
6. Орман дәрігері (Тоқылдақ)
7. 7 күн (Апта)
8. «Менің атым Қожа» повесінің авторы кім? (Бердібек Соқпақбаев)
9. «Абай жолы» роман - эпопеясының авторы кім? (Мұхтар Әуезов)
10. Есту мүшесі (Құлақ)
11. Қырғызстан астанасы (Бішкек)
12. Заттың қимылын білдіретін сөз табы (Етістік)
13. 16 желтоқсан - қандай күн? (Тәуелсіздік күні)
14. Баланы тәй – тәй бастырып, күрмеу жібін шешетін кезең (Тұсау кесу)
15. Біржанмен айтысқан қыз (Сара)
16. Қобыландының тұлпары (Тайбурыл)
Достарыңызбен бөлісу: |