9
Бұл білім беру ұйымы базасында психологиялық-педагогикалық қолдауды әзірлеу мен
жұмыс жүргізудің айқын көрсеткіші болып табылады. Психологиялық-педагогикалық қолдау
белгілі бір тәртіппен реттеп отыруды талап етті («Мектеп психологиялық қызметінің
мәселелері: жаңғырту қажеттілігі» мақаласы).
Мектеп психологиясын дамытудың заманауи кезеңі 2017 жылы бекітілген «2025 жылға
дейінгі кезеңге арналған Ресей Федерациясының білім беру жүйесіндегі психологиялық
қызметті
дамыту
тұжырымдамасын»
(Білім
және
ғылым
министрлігінің
19.12.2017ж.бұйрығы) іске асырумен байланысты.
Осы құжатта көрсетілгендей, бұл тұжырымдаманы әзірлеуге бүгінгі таңда ресейлік білім
беру жүйесінде заманауи сын-қатерлерге сәйкес келетін, білім беру қатынастарының барлық
қатысушыларына, оның ішінде мүгедек балалар, денсаулық мүмкіндігі шектеулі балалар,
дарынды балалар, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін
сапалы кәсіби көмек көрсететін тұтас қызмет қалыптаспағаны негіздеме болды.
Психологиялық қызметтің қазіргі жай-күйіне талдау жасаудың нәтижесі шешуді қажет
ететін тұтас кешенді мәселелерді анықтады. Оларға білім беру жүйесінде психологтер мен
педагог-психолог мамандардың жетіспеуі, кәсіби көмек көрсету стандарттарының болмауы,
қызмет аясындағы жұмыстың мақсаты мен мазмұнын анықтауда бірыңғай тәсілдің болмауы
жатады. Айта кететін жағдай, Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 8 сәуірдегі есебі
бойынша, Ресейдің жалпы білім беру ұйымдарында қазір 16 141 педагог-психолог жұмыс
істейді. Іс жүзінде бір педагог 2,5 мектепті қамтиды.
Осыған байланысты бұл Тұжырымдаманың мақсаты білім алушылардың қоғамға
бейімделе алмау және әлеуметтік ортаға дағдылана алмау тәуекелдерін төмендетуді
қамтамасыз ету үшін психологиялық қызметтердің өңірлік тәжірибелерін ескере отырып,
қазіргі заманғы психологиялық ғылым мен тәжірибенің жетістіктерін ықпалдастыру және оң
жұмыс тәжірибесімен ұштастыру негізінде Ресей Федерациясының Білім беру жүйесіндегі
психологиялық қызметті дамыту стратегиясын айқындау болып табылады.
Осылайша білім беру мекемелеріндегі ресейлік психологтердің таяудағы 5 жылда одан
әрі даму перспективалары белгіленген деп айта аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: