Байланысты: Тыңдаушыға арналған нұсқаулық 10.09.2019 каз
ПРАКТИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ МЕН ҚАЗІРГІ ҚОҒАМДАҒЫ ПРОБЛЕМАЛАР Психологиялық қызметті ұйымдастырудың шетелдік және қазақстандық тәжірибесі Қазіргі кезде әлемнің көптеген елдерінде заманауи білім беру саласының ажырамас
құрамдас бөлігі ретінде мектептегі психологиялық қызмет қолданылып келеді. Мектептегі
психологиялық қызмет қолданыстағы білім беру жүйесімен ғана емес, сонымен қатар тұтас
елдің мәдени-тарихи, этникалық, кейде тіпті саяси ерекшеліктерімен де тығыз байланысты
болады.
Әртүрлі
елдердегі
мектеп
психологиялық
қызметінің
құрылымы
мен
ұйымдастырылуында айырмашылықтар болғанымен, шешетін мақсат- міндеттері ұқсас
болып келеді. Әрине, әр елде психологиялық қызмет көрсету аясына, оның сапасына әсер
ететін психологиялық қызметтің өз моделі бар.
Білім беру саласындағы психологиялық қызмет (немесе мектеп психологиясы) мектеп
жасына дейінгі балалардан бастап жоғары оқу орындарының студенттеріне дейінгі оқыту
мен тәрбиелеудің тұтас жүйесін қамтиды және оның ғасырлық тарихы бар.