6. Бастапқы күйіңізге оралыңыз. Алдыңғы мойын бұлшықеттерінің жеңіл
созылуына дейін басыңызды шамалы артқа қайырыңыз. Аузыңыздың шамалы ашылуын
ұмытпаңыз.
7. Жан-жаққа басыңызды ақырындап бұруды
(айналдыруды) бастаңыз. Теңселу шегінің қимылдары
алдыңғымен салыстырғанда артқа мүмкіндігінше аз
болғаны дұрыс.
Оқу дағдылары: ауызша оқу дағдыларын
жақсартады, «өз ішінде» оқуды, математикалық
қабілеттерді дамытады.
Қосымша: бұл жаттығу ОЖЖ босаңсуына және
мойын, иық, арқа тұстарындағы қысымдарды жоюға
көмектеседі.
«Қосарланған суреттер» 1.
Бастапқы қалып – екі қолыңызды көтеріп еркін алға қарай созылуы тиіс.
Қолдарыңызда қылқалам, ал алдарыңызда сурет салуға арналған кенет тұр деп
елестетіңіздер.
2.
Оң және сол қолыңызбен қиялда бейнеленген сурет салуға арналған кенептің
ортасынан екі қолдарыңызбен бейнелей бастаңыз. Бұл
жерде суреттің маңыздылығы қажет емес, бастысы
суреттің кенептегі орналасуы. Екі қол айнадағы бейнедей
бірдей сурет салады. Тыныс алуыңыз, дене қозғалысыңыз
бос қалыпта ұстаған дұрыс. Салып жатырған суретіңізді
көзбен бақылауды ұмытпаңыз.