54
Есеп 6
Аудандық басқарманың трактористі Кривцов жұмыс ауысымы біткеннен
кейін, ӛзіне бекітілген трактормен аудан тұрғындарының жүктерін тасымалдау
үшін пайдаланған. Жүк тасымалдау кезінде Кривцовтың кінәсінен трактор жол
апатына ұшырып, трактор мен жеке меншік үйге нұқсан келтірілген.
Аудан
басқармасы меншік иесі ретінде трактор мен үйді жӛндеу жӛніндегі
шығындарды мойнына алып, барлық зиянның орнын толтырады.
Аудан басқармасы Кривцовты келтірген зиянның орнын толтыру үшін
оны материалдық жауаптылыққа тартудың негізі бар ма? Егер негізі бар
болса, зиян қандай көлемде және қандай тәртіпте өндіріліп алуы тиіс?
Достарыңызбен бөлісу: