Практикум оқу әдістемелік құрал



Pdf көрінісі
бет59/83
Дата07.02.2022
өлшемі0,67 Mb.
#94330
түріПрактикум
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   83
Байланысты:
Еңбек құқығы л

 
Әдістемелік нұсқама 
Тақырыпты меңгеру барысында заңмен қорғалатын мүдделердің - 
материалдық екендігін және оның еңбек құқығының нормаларымен 
байланысты екендігіне назар аудару қажет. 
Еңбек дауларының туындау неіздері еңбек және ӛзге де қатынастар 
шеңберіндегі қызметкерлердің әлеуметтік және еңбек құқықтары жӛніндегі 
құқық бұзушылықтар екені белгілі. 
Енді оның заңда белгіленген анықтамасына тоқталатын болсақ, «еңбек 
дауы» - бұл Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану, 
келісімдердің, еңбек шартының және (немесе) ұжымдық шарттың, жұмыс 
беруші актілерінің талаптарын орындау немесе ӛзгерту мәселелері бойынша 
қызметкер (қызметкерлер) мен жұмыс берушінің (жұмыс берушілердің) 
арасындағы келіспеушіліктер (ҚР ЕК 1б.). 
Еңбек дауларын құқық қатынастарының түрі және даудың сипаты мен 
нысаны бойынша бойынша жіктеуге болады. Құқық қатынастарының түрі 
бойынша еңбек құқықтық қатынастарынан туындайтын жеке еңбек даулары 
және еңбек ұжымы мен жұмыс берумен арасында туындаған ұжымдық еңбек 
даулары болып екіге бӛлінеді. Еңбек даулары тараптардың келісімі бойынша 
немесе сот тәртібімен қаралады. 
Тақырыпты меңгеру үшін Қазақстан Республикасының еңбек кодексінің 
15 және 32 бӛлімдерін қараңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   83




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет