Бағдарламасы Гүлнар Тоқайқызы Қажиева


Оқушылармен жүргізілетін жұмыстар



Pdf көрінісі
бет10/41
Дата07.02.2022
өлшемі0,55 Mb.
#94729
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   41
Байланысты:
«Рухани уыз» тәрбие бағдарламасы

Оқушылармен жүргізілетін жұмыстар 

Мектептің тәрбие орталығын құру. 

Мектептің 
оқу-тәрбие 
мазмұнын 
оқушының 
функционалдық 
сауаттылығын қалыптастыруға бағыттай құру және сыныптан тыс жүргізілетін 
қолданбалы курстар, әр бағыттағы үйірме жұмыстары, зерттеу топтарын құру. 

Оқытудың тәрбиелік құрамдасын күшейту үшін пән сабақтарында және 
сыныптан тыс шараларда, 

бастауыш сыныптарда – тіл ширату, жаңылтпаштар, санамақтар, 
жұмбақтарды қолдану.

орта буын оқушылары үшін – мақалдар мен мәтелдер, балалар 
жырлары, мазақтамалар, өтірік өлеңдер, ойын өлеңдерді,

жоғарғы сыныптарда – шешендік сөздер, термелер, ертегілер, аңыз 
әңгімелер, жырларды, дала даналарының тәлімдік, өнегелері ойларын жүйелі 
қолдану. 

Ел-жер, ауыл-аймақ тарихын, тұлғалар тарихын зерттейтін топтар,
табиғат құбылыстарын болжау орталықтары, ауыз әдебиеті мен батырлық 
жырлары, дастандар т.б. құндылықтарды зерделейтін, насихаттайтын әр пәнге 
қатысты үйірме жұмыстарын ұйымдастыру.

Қазақтың қолданбалы қолөнері үйірмелерін құру, ісмерлік сыныптарын, 
топтарын ашу: 

Кәсіпке қатысты
– ұлттық ою-өрнек, кесте, зергерлік өнім, тоқыма, 
ұлттық тағам түрлері, оның құрамын білу, әрі дайындау технолоиясы т.б. 

Өнерге қатысты
– айтыс, жыршылар, термешілер, әуесқой 
музыканттар мектебін ашу, үйірме жұмыстары; 

драма үйірмелері –
ауыз әдебиеті үлгілерін сахналау; 

поэзия мен көркемсөз
өнеріне баулитын, әрі актерлік қабілетін 
дамытатын, көркем оқуға жаттықтыратын үйірмелер; 

Спортқа қатысты
– «Ұлттық ойындар», "Тоғызқұмалақ", «Асық», т.б. 

Кітапхана жұмысын жандандыру
. Кітапхана баланың кітапқа деген 
қызығушылығын оята алатын іс шаралармен өткізумен қатар, сыныптан тыс 


қосымша білім берудің негізгі ошағы болуы шарт. Кітапханада тәрбие 
саласының барлық бағыттары бойынша қызықты іс-шараларды: әдеби оқулар, 
қойылымдар, кештер, конференциялар, еңбекке баулу шаралары атқарылуы 
тиіс.

Оқушылардың 
өзін-өзі басқару
жұмысын жетілдіру. 
 

Оқушыны
 еңбекке баулу 
– пән сабақтарын еңбекпен ұштастыру, негізгі 
мектеп ережелері арқылы өзіне-өзі қызмет жасау, қоғамдық пайдалы еңбекті
ұйымдастыру
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет