Бағдарламасы Гүлнар Тоқайқызы Қажиева



Pdf көрінісі
бет18/41
Дата07.02.2022
өлшемі0,55 Mb.
#94729
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   41
Байланысты:
«Рухани уыз» тәрбие бағдарламасы

 
Оқушылар үшін кеңестер 
1.
Балаға үлкен адамның алдын кесіп өтуге, олардың сөзіне араласуға 
болмайды, себебі, бұл әдепсіздік болып саналады. 
2.
Жұрттың бәрімен, әсіресе қарт адамдармен қай жерде, қай уақытта 
болсын амандасып жүр. Денсаулығым жақсы болсын десең, өзгелердің де 
саушылығын сұрап амандас. 
3.
Өзіңді және айнала қоршаған табиғатты аяла. Сен – табиғаттың тамаша 
бір бөлшегісің! 
4.
Қарапайым бол! 
5.
«Білімнің бас құралы кітап» – деп айтқан А.Байтұрсынұлы 
аталарыңның ұлағатты сөзі естеріңде болсын. 
6.
А.Байтұрсынұлы аталарың тағы да: «Оқусыз халық қанша бай болса да, 
біраз жылдардан кейін оның байлығы өнерлі халықтардың қолына көшеді» 
деген ғибратты сөзін жадыңа түйіп қой.


7.
„Білімді болуға – оқу, бай болуға – кәсіп, күшті болуға – бірлік керек“ 
деп тағы да Ахмет аталарың айтқан. Естеріңде болсын!
8.
Ой мен істі бір-бірінен бөліп қарама. Оқығаның жақсы-ақ, бірақ ең 
бастысы – дағды, қимыл, машық әрекеттерінің белгілі бір мақсатқа қызмет етуі. 
9.
Егер сен дұрыс жасамасаң, кемшілігіңді тез түзетуге тырыс. 
Жақсылыққа апарар жолға баста. 
10.
Адамға сен, адамды сүй! Олар туралы өзің әділетсіз сөз айтпа, біреудің 
ғайбат сөзіне сене салма. 
11.
Жаман әдеттерден аулақ бол, шылым шекпе. 
12.
Түкке тұрмайтын нәрсеге бола ашуланба. 
13.
Сәтсіздіктеріңді емес, қуанышты күндеріңді жиі еске түсір. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет