Әдептілік ережелері
Әдептілік қағидалары – мінез-құлык нормалары болып табылады.
Әдептілік – іс-қимылдағы, сөйлеудегі, еңбектегі, мінездегі адами
мәдениеттіліктің көркем көрінісі. Тәрбиенің нәтижелі болуы тәрбиелеушінің
білімділігіне, біліктілігіне, шеберлігіне, тәжірибелілігіне, яғни оның
әдептілігіне тікелей байланысты.
Ұстаз – ұлы есім! Бала тәрбиесіне жауапты адам ата-ана десек те, ұстаз
баланың тәрбиесімен қоса оған білім береді, рухани болмысын
қалыптастырады. Мінез-құлық дағдыларын сіңіреді.
Педагогикалық әдеп – әдептің педагог санасындағы, мінез-құлқындағы, іс-
әрекетіндегі көріністері. Сондықтан да негізгі тәрбиелеуші – педагог қауымға,
жалпы мектеп есігін аттаған барлық жанға өзін үлгі етерліктей ұстанымда болу
талабы қойылады.
Осыған орай бүгінгі ұстаз бойынан төмендегідей қасиеттер табылуы тиіс
деп ойлаймыз.
Ұстазға тән қасиеттер:
Сабырлы, көргенді;
Дарынды, шығармашыл тұлға;
Шәкірттерін жақсы көреді;
Ұлттық мәдениетті терең түсінеді;
Саяси сауатты;
Өз пәнін өте жақсы меңгерген;
Сөйлеу мәдениеті жоғарғы деңгейде;
Тәрбиелі, киім киісі, жүрісі этикалық талаптарға сай.
|