Алаштың Ахметі



Дата27.04.2018
өлшемі46,28 Kb.
#40249
Алаштың Ахметі

«Өнер алды –қызыл тіл» деп мақалдап өткен қазақ ақындары, жазушылары осы күнге дейін қазақ поэзиясында биік орын алды. Солардың бірі Ахмет Батұрсынұлы. Өз заманының ағысына қарсы тұра білген қайраткер. Қазақ халқының рухани көсемі болып, болашақтың жарық, тыныш, көк аспан астында өмір сүруіне өзінің ақылын арқау еткен. Өз достарының алды бола білген Ахмет өткір, алмас қылыштай адамның ойын осып өтетеін сөздерімен өлең арқылы ой-сезімін білдірген. Қазақтың қазақ бола білуіне кеудесіндегі жанын да аямаған. Қараусыз-ақ сөзбен адам өлтіретін Ахмет қазақ елінің келешегін тәуелсіздікке жетелеген халықтың рухани жетекшісі. Халық үшін, мәдени-әлеуметтік болмысын көтеру үшін қызмет еткен.

Патша үкіметіндегі чиновниктермен қақтығысқа келгені үшін әкесі мен ағасының сотталып, жер аударылуы, жазалаушы отрядтың елге жасаған зорлық - зомбылықтары жас Ахметтің жүрегіне жара боп түсті. Осы жара ұлғая келе, оны күрес жолына дайындағанын біз ақынның өз өлеңдерінен білеміз.

« Оқ тиіп он үшімде ой түсіріп,

Бітпеген жүрегімде бір жарам бар.

Алданып тамағыма, оны ұмытсам,

Болғандай жегенімнің бәрі харам.

Адамнан тауып, адам ісін етпей,

Ұялмай не бетіммен көрге барам» деп өзінің қиыншылық көргенін суреттейді.

Халықты ағарту баладан, мектептен бастау алады. Ең алғаш қазақ тілінде әліппе кітабын жинақтаған Ахмет еді. Қазақтың дыбысына, сөзіне арнап әліппе шығарып, тіл һәм оқу құралдарын шығарып, қазақтың жалпақ тілін талайға үйреткен Ақаң еді. Ұлт қамы дегенді көксеген адам болмай, қазақ құлшылыққа кез болғанда, бостандыққа жол көрсеткен Ақаң еді.

Қазақ балалары көзі ашық сауатты азамат болып шығуға септігін тигізген. Қазақ тіліндегі әліппе осы сөздердің бәріне дәлел. Тек қана кітап жазумен тоқтамаған Ахмет, орыстың белгілі жазушыларының белгілі еңбектерін ана тілімізге аударып, өзінің халыққа, шамшырақ екенін дәлеледеп өткен. Халықтың білімді болуына, сауатын ашуға көп көмек көрсеткен. Бұрынғы қарапайым қара сөздерді жаңғыртып, халық санасына қалыптастыру басты мақсаттарының бірі. Көкейінде түйілген ойды ана тіліндегі асыл, ұтқыр сөздермен жеткізе білген. Өлеңдеріндегі сөздердің өзі адам көңіліне талпыныс, алға қарай жол бастап, көш артында қалып қоймауға себепші болған. Қазақ тілін болашақ ұрпақтарға дамыта түскен қалпында, басқа тілдерден биігірек ұстап, тазалығын сақтауға демеу болды.

Қазақ тілін ана тілімізде түңғыш зерттеуші Ахмет Байтұрсынұлы өзінің алдына жүйелі бағдарлама қойғанға ұқсайды: Ол әуелі қазақтың ұлттық жазуын графикасын жасауды мақсат еткен, бұл үшін араб алфавиті негізіндегі «Байтұрсынов жазуы» дүниеге келген, екінші – сол жазумен сауат аштыруды ойлаған, бұл үшін «Оқу құралы» атты әліппе оқулығын жазған, одан соң қазақ тілінің грамматикалық құрлымын ана тілінде талдап беру мақсатын қойған бұл үшін «Тіл құралды» жазған.

1913 жылдың өзінде ол «Қазақ» газеті мінбесін пайдаланып, қазақ қоғамына оқу –білімінің қажеттігін халықтың экономикалық тұрмыс жағдайымен байланыстырып дәлелдеді. Ахмет бұдан 80 жылдай бұрын байқап – түйгендері, айтқан пікірлері дәл бүгінгі айтылып жатқан проблемаларымызбен үндес келеді. Қазақ жерінде өндіріс жоқ, шикізатын сатады, сол шикізатынан жасалған өнімді екі-үш есе қымбат түрде сатып алады. Бұл надандық деп отырғаны –халқының білім – ғылымнан қалыс келе жатқандығы. Қалыс қалуға үлкен себеп- қазақ жерінде мектептер аз, сол аз мектептердің өзінде мұғалімдер жетіспейді, ұлт кадрларын даярлайтын орындар жоқ дейді. Демек қазақ халқы қараңғы дегенде, кінә халықта емес, сол қараңғылықтан құтқаратын мүмкіндіктердің жоқтығында екендігін «алты миллион қазаққа алты ат жегіп, тарта алмады деп өкпелеу жөн бе!» деп бейнелі түрдегі тілмен білдіреді.

1913 жылы «Қазақша оқу жайынан» мақаласында автор былай деп жазады: «Бала оқытуын жақсы білейін деген адам, әуелі балаларға үйрететін нәрселерін өзі білерге керек, екнші, баланың табиғатын біліп, көңіл сарайын танитын адам боларға керек. Оны білуге баланың туғаннан бастап, өсіп жеткенше тәнімен қатар ақылы қалай кіретін жолын білерге керек. Баланың ісіне, түсіне қарап, ішкі қалінен хабар аларлық болу керек».

Қазақ тіл білімнің ана тіліміздегі ірге тас қалауындағы Ахметтің тағы бір зор еңбегі – ғылымның осы саласының терминдерін жасауы. Ғалым қазақ тілі граматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша атау ұсынды.

А.Байтұрсынұлының терминдерін жіпке жай тізе бермей, таңдау керек, талғау керек, сөйтіп барып түсінеміз. Ахметтен қалған атаулар сонда ғана ерекшеленеді, іріктеледі, сұрыпталады.

Қазақ тілінің табиғатын, құрлымын танудағы қызметі қазіргі мсктептерде қазақ тілін пән ретінде үйретеін оқулықтар жазумен ұласады. Ахмет қалыптастырған әдеби – теориялық терминдер осы күнге дейін өмірін жалғастыруда. Бұның бәрін әдебитеші Ахметтің қымбат, алтын, гауһардай асыл сөздері мен тәлім – тәрбиеге толы, адамдық қасиеттерді сипаттап жазған өлеңдер, бәрі-бәрі болашақ ұрпаққа келешегіне керек, нұсқау болатын түзу жол емес пе? Қазақ тілін әсем сөздермен әшекелей білген Ахмет өз еңбектерімен басқа да елдерге танымал бола білді. Өзі де басқа халық ақындары мен жазушыларының жақсы деген өлеңдері мен мысалдарын өз ана тілімізге аударып кетті. Артына өшпес із қалдырды.

Ахмет қазақ әліпбиінің атасы, түркі тіл тану ғылымының ағартушысы. Ахметтің мұрағаты жаңа уақыт, жаңа заманға, халқына қызмет етуде. Ахметтің ілімдері әлі зерттелетін томды ғылым. Ахмет Байтұрсыновқа ұлтым деп соққан жүрегі, үлгі – өнеге қазіргі жаңа заманға өте керек.Біз Ахметтің аудармалары арқылы өзіміз сияқты халықтардың өмірі әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрі туралы хабардармыз. Осы арқылы халық дамиды, өркендейді. Өзінен басқа өзгенің де поэзиясын да біле отырып, биіктей беруге тырысады. Қандай ұлы адамды алсаңыз да,оның ұлылығы,ең алдымен,туған халқына деген көзқарасынан танылады. Сол ортадан шығып,халқын ілгері бастауды,армандайды,бірақ соңынан ерте алмай,күйінеді,оған ашу-ызасын арнайды,айналып кете алмай,орала береді.

Ахмет Байтұрсыновтың тарихтағы орнын, оның әлеуметтік –сызықша істерін, дүние танымдағы кейбір қайшылықтарын өз кезінде, дұрыс көрсетіп әділін айтқан адамдардын бірі Сәкен Сейфуллин. «А. Байтұрсынұлы қарапайым кісі емес, оқыған кісі. Оқығандардың арасынан шыққан, өз заманында патша арамқулықты атарман-шабармандарының қорлығына, мазағына түскен халықтың намысын жыртып, даусын шығарған кісі. Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде, қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттың арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Амет еді».

«Бір кезде сары маса ызыңдап оятқан Ахметті қазақ халқы қадірлей біледі, сөзін оқып сүйсінеді» деген екен Ғаббас Тоқжанов.


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Абикеева М. «Қазақ ағартушыларының ой-пікірлерінен», Қазақстан мектебі 2010 ж. (№10)

  2. Ахмет Байтұрсыновтың өз қолымен жазған еңбектері.

  3. «Тіл құралы».

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет