Алматы облыстық
№15 мектеп-интернатының
Аға тәрбиешісі
Бакирова Зубайра Коккозовна
«Жүрегіме жақын жырлар»
Әдеби – сазды жыр кешінің мақсаты:Оқушыларды қазақ халқы ақындарының өмір жолдарымен таныстыру, өлеңдерін мәнерлеп оқуға дағдыландыру, өлеңдердің тәрбиелік мәнін түсіндіруге шақыру.Балғын бүлдіршіндерді ақынның өлеңдері арқылы халқын сүюге, туған жерін қадірлей білуге, адал, шыншыл болуға тәрбиелеу.
Іс-шараның өтетін орны: Мектептің мәжіліс залы
Іс-шараның өтуіне жауапты: Аға тәрбиеші З.Бакирова.
Көркемдік жетекшісі: Бағдат Әлімжан
Сабақтың көрнекілігі: Ақын жазушылардың суреттері мен өмірбаянын интерактивті тақта арқылы көрсету, плакатқа жазылған өлең жолдарынан үзінді, кітап көрмесі.
Сабақтың түрі: Әдеби-музыкалық жыр мүшәйрәсі.
Шығармашылық кештің барысы: Күйдің әуенімен кешті бастау.
I – жүргізуші: Қымбатты ұстаздар, ата-аналар, шақырылған қонақтар және оқушылар. Өнер сүйер қауым!
Қазақ поэзиясын ерекше нұрландырып, жұлдыздай жарқыратқан, намысты қайрап, қазақ халқын, өнер сүйер қауымды жыр бесігінде тербеткен, қаламын басты қару етіп ұстаған ақындарымыз баршылық.
Бүгін шатпын, көңілімде жоқ уайым,
Біз сіздерге жырдан алқа тағайық
Осы кештің бөлісуге шаттығын
Қош келдіңіз, қош келдіңіз ағайын!
ІІ – жүргізуші:Біздің мектебімізде де жыр әлеміне құмар, өзінің жүрегіне жақын жырларды көкірегіне қондыратын, әрі ақын жанды балалар баршылық. Өздеріңізге мәлім биылғы оқу жылында мектебімізде бірнеше жыр кештері өтілді. Сол жыр кештерінде оқылған, тыңдалған өлеңдер арқылы асыл сөзді, дарынды сөзді тыңдап, көп оқысаң, жаның сұлуланып, сезімің байып, көркемдеп сөйлеуге үйрену мақсатында өтілді.
Ән тілекпен жаңғыртып ән сарайын
Кешті бастап шаттанып ән салайын
Қуанышқа бөленіп мен сіздермен,
Ән-жыр айтып, серпіліп бір қалайын
І – жүргізуші: Ақындар жырлағандай шат көңілмен, қуанышты сезіммен
бүгін біздің мектепте жыр мүшәйрәсі өтілгелі отыр. Бұл жыр мүшәйрәсінің басқа кештерден ерекшелігі бүгін өлең сүйіп оқитын оқушылар өздерінің жанына жақын, сүйіп оқитын өлеңдерін сіздерге паш етпекші.Ендеше біздің жыр кешіміз 5 бөлімнен тұрады.
Қазақ өнерінде «жырлар төресі» саналған XIX-ғасыр ақындар өлеңдері
«Жыр менің – тарланым» атты XX– ғасыр ақындар өлеңдері
«Жырларыммен сырласам» атты XXI-ғасыр ақындар өлеңдері
«Өлеңнен өрілген ой» ата-ана тақырыбына арналған ақындар өлеңдері
«Жауқазын жыр жолдарын арнадым» мектебіміздің болашақ жас ақындардың өлеңдері.
I-бөлім
II – жүргізуші: Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы
Қиыннан қиыстырар ер данасы
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы
деген өлең жолдарын бізге мұра етіп қалдырған Абайдың сөзімен «Жырлар төресі» XIX- ғасыр ақындар өлеңін оқитын оқушыларды ортаға шақырамыз.
Махамбет Өтемісұлы «Ереуіл атқа ер салмай» (Айтақын Айдос)
Сүйінбай Аронұлы (Манабаева Алина)
Абай Құнанбаев «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» (Алмырза Ажар)
Абай Құнанбаев « Сабыр сөз» ( Дәулетұлы Нұрдәулет)
Абай Құнанбай « сегіз аяқ» ( Умарова Айдана 2 сынып)
Шәкәрім Құдайбердиев «Сен ғылымға» (Мұса Алина)
Шәкәрім Құдайбердиев «Әр өлеңі бір әлем (Жәнібек Бексұлтан)
М.Жұмабаев «Мен кім» ( Жанат Жақсылық 8-сынып)
М. Жұмабаев «Сағындым» ( Жұмағұл Айгерім)
Ілияс Жансүгіров «Тарбағатай» (Алина Әлімғазиева 7-сынып)
Ілияс Жансүгіров «Домбыра» (Нұрдәулетов Нариман)
Сакен Сейфуллин «Наурыз» (Борықбаева Ақжан)
Қасым Аманжолов «Туған жер» (Жұмабаев Ілияс)
I- жүргізуші: Дүние ойдан шығады
Өзімді өзім ұмытып
Көңілім әнді ұғады
Жүрегім бойды жылытып
деп жырлағандай келесі кезекте 6 сынып оқушысы Қиарыстан Мағжанның орындауында Қасым Аманжоловтың «Өзім туралы» әнін қабыл алыңыздар
II – жүргізуші: Әр бір өлең өзінің құпия әлеміне шақырады. Енді сол өлеңге музыка жазып, ән туғанда ән сені қиял әлеміне жетелейді. Ендеше сол 19 ғасыр серісі атанған Біржан Салдың әні Ләйлім шырақты қабыл алыңыздар
Әлімғазиева Алинаның орындауындағы Біржан Салдың әні «Ләйлім шырақ»
II-бөлім
І – жүргізуші:Жыр оқы деп қолқалап коймадыңдар
Жарқылдауға шамам жоқ,бойда мұң бар
Мені құрмет тұтқаның үнімді емес
Жырларымды оқыда ойларымды ал
деп ақын жырлағандай келесі кезекте: «Жыр менің тарланым» атты XX -ғасыр ақындар өлеңдеріне кезек берейік
Жамбыл Жабаев « Бесік жыры»( Құрманбай Аружан )
Фариза Оңғарсынова «Оюлар» (Тілеу Эльмира)
Фариза Оңғарсынова «жылу» Шакенова Мадина
Мұқағали Мақатаев «Бір ән бар бүгінгі ұрпақ естімеген» (Исақжан Аружан)
Мұқағали Мақатаев «Көшеде» (Айжан Бектасова)
Мұқағали Мақатаев «Пай-пай өмір» ( Жамписова Анель)
Мұқағали Мақатаев «Қара өлең» (Жүкебаева Альбина)
Мұқағали Мақатаев «Алтын адам» (Абуова Аружан)
М.Мақатаев «Қазақстан» (Асқарбек Әлішер)
М.Мақатаев «Үш бақытым» ( Мұрат Жанерке)
М.Мақатаев «Бесік басында» (Батық Динара)
М. Мақатаев «Отан» (Шалден Анел)
М. Мақатаев «Таудай болғым келеді» Қондыбаева Аяулым
М. Мақатаев «Автограф» Әділбекова Аружан
Жұмекен Нәжімеденов «Сен ақылды болсаң екен»
(СейсембайБаян)
Тұманбай Молдағалиев «Гүлдер» Мұқанова Аружан
Жұбан Молдағалиев «Мен қазақпын» Сәрсенбай Аружан
1I-жүргізуші:Тірлігімде шекпен кимей шен алмай
Еңбегінің қызығында көре алмай
От боп жанып, өтіп кеткен ақынға
Мәңгілік қып өмір берген өлеңі-ай
Келесі кезекте сөзі Мағжан Жұмабаев, әні Шәмші Қалдаяқовтың «Сен сұлу» әнін Жанат Жақсылықтың орындауында қабыл алыңыздар
III-бөлім
І-жүргізуші: Жырым еді жырласам жанды ұғынар
Бірақ соның арты құм, алды мұнар
Өлең деген өр мінез адамға ұқсас
Әрқайсысының өз жолы, тағдыры бар.
Келесі кезекте «Жырларыммен сырласам» атты XXI ғасыр ақындары сөз алады.
Жарасқан Әбдіраш «Отан» ( Жұмабек Айдана)
М.Шаханов «Жігерлендіру» ( Нүсіпхан Гүлназ)
М.Хакімжанова «Көктем жыры» (Серік Ерасыл)
Қадыр Мырза Әли «Шын ақын» ( Төлеуханова Алуа )
Қадыр Мырзалиев «Ақылды адам тоқтар сөзге саналы (Әкім Болашақ )
6.Қадыр Мырзалиев «Отырар» (Бикен Айдана)
7. Қадыр Мырзалиев «Мұғалима» ( Мұхамеджан Толғанай )
12. Ақұштап Бақтыгереева Молдрақым Ақерке
8. Нұртас Исабаев «Анама» ( Қабділда Қуаныш )
9.Қалқаман Сарин «Оқырман қыз» (Сарсенбек Айдана)
10.Бақытбек Смағұл «Азат елдің қазақ деген ұлымын»
(Жамбыл Әмірхан)
IІ – жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй
Келесі кезекте сөзі Б.Тәжібаев әні Е.Хасанғалиевтің «Жанарым» Жатқанбай Аймекеннің орындауында қабыл алыңыздар
І – жүргізуші: Өлең деген тумайды жайшылықта
Өлең деген тулайды қайшылықта
Ақын болсаң жарқыным алысқа аттан
Күнделікті тірлікке бой суытпа
деп ақын жырлағандай келесі кезекті сөзі Тоқтар Серіков, әні Арман Дүйсеновтің «Бір тілек» әнін бүгінгі жыр кешіне шашу ретінде Сәрсенбек Айдананың орындауында қабыл алыңыздар.
IV-бөлім
IІ – жүргізуші: Ата – анаң сендегі
Өзен судың тұнығы
Екі асылдан қосылған
Сом алтынның сынығы
Ардақтап арнамасам саған өлең
Адыра қалатындай ақындығың
дей келе келесі кезегімізде «Өлеңнен өрілген ой» атты ақындардың ана-әжелеремізге, әкелерімізге арналған жырларына кезек береміз.
Нұртас Исабаев «Әке туралы» (Сұлтанхан Зарина)
Қалқаман Сарин «Анашым» (Айтақын Айдос)
Ыбырай Алтынсарин «Ананың сүюі » (Қабділда Қуаныш)
Т. Молдағалиев «Ана» (Қабділда Қ. )
Исрайл Сапарбай «Ана» (Керімбекова Лаура)
Қалқаман Сарин «Әке» (Ерболат Сана)
Фариза Оңғарсынова «Анама» Утеш Айдана
М. Мақатаев «Шеше» Батық Динара
IІ– жүргізуші:Өмірде болар ма еді сиым тағы
Жүремін жанымды өзім қиындатып
Жаздырмай қиып уақыт қаламымды
Жыр бүгіп шаруалардан миым қатты
Жүремін өзімді өзім бағалатып
Бақыттар жатар сосын маған келіп
Бұлттарға төбем жетіп жатпаса да
Өмірде өтсем екен өлеңдетіп - деп ақын жырлағандай бар жақсы әнді, өлеңді асыл апаларымыз бен асқар таудай әкелерімізге арнаймыз
Келесі кезекте Ән : Нүсіпхан Гүлназдың орындауындағы «Мама» әнін және Нұрланов Диастың орындауында Бауыржан Есебаевтің «Әке» әнін қабыл алыңыздар.
V-бөлім
І – жүргізуші: Бақыт боп дарыпсыз – ау дарын маған
Өлең барда жан дүнием тарылмаған
Жүректе сезімім бар тарсылдаған
Ел үшін күмбірлете бәрін қағам
ендеше келесі кезекте «Жауқазын жыр жолдарын арнадым» атты ақын – апаларымыздың ізін басқан, келешекте үлкен үміт арқалаған, ақын болсам деген арманы бар, осы мектептің жас ақындарын ортаға шақырсақ
Болатхан Әділбек
Ален Айгерім
Суан Тұңғышбай
Мұхамедияр Аяулым
Әбен Батыр
ІI – жүргізуші: Жыр жазсам, жүрегімнен арылар мұң
Күн келер қуанатын, жазылатын
Муза, сазға айналдыр сырларымды
Елемей сөзін кейбір адамдардың
І – жүргізуші: Шалқытып бойға бітпес дарынымды
Тағдырдан қайтарармын қарымымды.
Кетейін жырларымды үлестіріп
Жүректен жылуым мен жарығымды
Құрметті өнер сүйер қауым, тыңдаушы халайық бүгін біз сіздерге өзіміздің жүрегімізге жақын, көңілімізге сенім беретін өлеңдерді сыйладық. Біз сіздердің бүгінгі және ертеңгі көңіл-қоштарыңыздың көтеріңкі болатынына кішкене болса да үлес қостық деп ойлаймыз.
Сондықтан қазір бүгінгі кешке қатысқан, сіздерге қуаныш сыйлаған нәзік жүректі оқушыларымызды ортаға шақырамыз. Сіздердің аттарыңыздан балаларға үлкен рахмет айта отырып, кешіміздің қорытынды сөзін мектеп директоры Қанай Күмісбекұлына береміз.
«Армандастар» әнін өздеріңізге арнап, кешімізді аяқтаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |