Бағдарламасы Гүлнар Тоқайқызы Қажиева



Pdf көрінісі
бет15/41
Дата07.02.2022
өлшемі0,55 Mb.
#94729
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   41
Байланысты:
«Рухани уыз» тәрбие бағдарламасы

Ұстаздарға кеңес: 
1.
Оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін біліңіз және олармен 
санасыңыз. 
2.
Қарым қатынаста ақылдылық, әрі тектілік көрсетіңіз. 
3.
Сабаққа аса бір көтеріңкі көңіл күймен кіріңіз, шыққанда жаныңызды 
рахаттандыратын шаршау сезілсін. 
4.
Жаман дәрігер адам өмірін алады, жаман мұғалім адам жанын күлге 
айналдырып жіберетіні есіңізде болсын. 
5.
Балалар ұжымындағы психологиялық ахуалды тани біліңіз, бұл 
баламен қарым-қатынасқа көмегін тигізеді. 
6.
Қарым-қатынасты «билік» түрінде құрмаңыз. Ең кішкентай сәбидің де 
еркіндікке талпынатыны есіңізде болсын.
7.
Балаларды тыңдай біліңіз. Жауап алу кезінде жүзіңізден ерекше 
қызығушылық сезілсін. Оқушының пікірін сыйлаңыз. 
8.
Өзіңізбен қарым-қатынас кезінде олардың көңіл-күйін сезе біліңіз.
9.
Балалар арасындағы келіспеушілікті өзіңіздің педагогикалық 
дәрменсіздігіңіз арқылы ушықтырып алуға болатынын ұмытпаңыз. Қайтарған 
қате жауабы үшін жолдастарының мазақтау әрекетіне тыйым сала біліңіз. 
10.
Әр кез баланың қате қылығын көргенде, өз балалық шағыңды есіңізге 
алыңыз. Оларды қателескені үшін емес, әрекетсіздігі үшін жазалаңыз. 
11.
Балармен қарым-қатынас кезінде бір қалыпта (тура жоспар бойынша) 
әрекет жасаудан аулақ болыңыз.
12.
Педагогтық қызметтің ең үздік жетістігі балалардың жүзіндегі 
күлкісінен айқындалады. 
13.
Өзіңіз де жиі күлімсіреңіз. Балаларды жиі қолдап, мадақтап, мақтап 
отыруға тырысыңыз.
14.
Мұғалім сенімділік, сыйластық және сүйіспеншілік тәрізді сезімдерді 
тудыра білуі керек, оларсыз ұстазда шынайы бедел болмайды. Өзіңізге 
айналадағы адамдардың қалай қарайтыны жөнінде және ол неге байланысты 
екенін ойланып көріңіз.
15.
Оқушының тәртібі мен білімін бағалауда әділ болыңыз. Балаларға 
берген уәдеңізге берік болыңыз. Қажет болса тұлғаның өзін емес, оның 
қылығын айыптаңыз. 
16.
Есіңізде болсын: жақсы ұстаз ұзақ ғұмыр кешеді және ауырмайды. 
17.
Ақша және педагогтық қызмет қатар тұра алмайды. Пендешіліктен 
аулақ болыңыз. 
18.
Мүмкіндігінше проблеманы оқушының ата-анасымен емес, оның 
өзімен шешуге тырысыңыз; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет