2.
Сабақ басталардағы, үзіліс сәтіндегі және сабақ соңындағы
тәртіп ережелері
3.1. Сабақ басталар алдында:
Оқушы қоңыру соғылғанға дейін сыныпқа
кіруі, алғашқы қоңырау үнінен кейін сынып бөлмесіне мұғалім рұқсатымен
кіруі және сабаққа әзір болуы тиіс.
3.2. Үзіліс уақытындағы оқушылардың міндеті:
Өзінің жұмыс орнын
ретке келтіру, тазалау; сыныптан шығу; дәлізде жүргенде, басталдақпен
көтерілгенде, есік аузында оң жақты ұстану; мектеп қызметкерлерінің, кезекші
оқушылардың талаптарын орындау; мұғалім тапсырмасы бойынша сынып
бөлмесін келесі сабаққа әзірлеуге көмектесу; сабақтан кешіккен жағдайда есікті
қағып рұқсат алу, кірген соң мұғаліммен амандасу, кешіккені үшін кешірім
сұрау және орныңа орнына отыруға рұқсат алу.
3.3. Үзіліс уақытында оқушыларға тиым салынады:
Мектеп дәлізінде,
баспалдақта, терезе алдында және басқа да орындарда, ойын үшін
жабдықталмаған жерлерде жүгіруге, бірін бірі итеруге, заттарды лақтырысуға,
бір бірлерімен күш сынасуға, төбелесуге тиым салынады; әдепсіз қылықтар
көрсетуге, жаман сөздер айтуға, айқайлауға, өзгелердің демалысына кедергі
жасауға болмайды; мектеп ауласы мен ішінде шылым шегуге тиым салынады.
3.4. Сынып кезекшісі:
Үзіліс сәтінде сынып бөлмесінде болады; бөлмені
ретке келтіреді, желдетеді; қажетті құралдармен қамтамасыз етеді; келесі
сабаққа әзірленуге мұғалімге көмектеседі; санитарлық тазалық ережелерінің
сақталуын қадағалайды.
Достарыңызбен бөлісу: |