Балаңызды өзгелермен салыстырмаңыз, кемшілігін ешқашан бетіне
баспаңыз, жамансың деп айтпаңыз.
Көңіліне тиер сөздермен ұрыспаңыз.
Оны қызықтыратын кітаптар алып беріңіз.
Оған кітап оқып беруді ұмытпағайсыз.
Бала кезінен кітап оқуға үйретіңіз.
Қалауын түсіне біліңіз.
Баламен жеке араласуға уақыт табыңыз.
Қолынан келмеген нәрсеге орынсыз ұрыспаңыз.
Ересек адамдармен еркін араласуға үйретіңіз.
Біздің халқымызда «Қыз» деген сөздің өзі әдеміліктің әдептіліктің, жан-
жақты сұлулықтың символы ретінде қолданылады. «Отан отбасынан
басталады» десек, сол әрбір кіші отанның ұйытқысы, берекесі болатын – әйел
адам.
Ұлттың адаспай, ұлт болып қалуы, қоғамның ырғақты дамуы,
мемлекеттің өркендеуі –әйелге, келешек Ана болар қыздардың қалай
тәрбиеленетініне байланысты. Сондықтан да қазақ қызының бойындағы
ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық,
кішіпейілділік, сұлулық, т.б қасиеттерді қалыптастыруға ықпалы тиеді деген
оймен қыз балалар үшін төмендегі ережелерді ұсынамыз.
Достарыңызбен бөлісу: