Халықтық педагогиканың қазаққа тән өзіндік ерекшеліктері
Халықтық педагогика дегеніміз мектептің, ата-ананың, жұртшылықтың,
сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың басын біріктіретін ынтымақтастық
педагогикасы екендігін де байыпты бағдарлағанымыз жөн. Халықтық
педагогиканының адам өмірінде қалыптасқан кісілік, қайырымдылық,
меймандостық дәстүрлер-ұлттық мәдениетті көрсететін ерекшеліктеріне
тоқталайық.
Иман-сенім -
жақсылыққа сену деген мағынаны білдіреді. Біздің иманды
халқымыз жақсылыққа сенеді. “Жақсылыққа жақсылық әр кісінің ісі,
жамандыққа жақсылық ер кісінің ісі” деп, имандылықтың бір негізі жақсылық
жасау екенін есте тұтқан. Кісілік дәстүрдегі имандылық рәсімдері ізеттіліктің,
адамдардың бір-бірімен мәдени, рухани қарым-қатынасының ұлттық үлгісін
көрсетеді. Жеке тұлғалардың бір-біріне ізет көрсетіп, жақсылық жасауы ұлттық
қағида (кредо) ретінде қалыптасқан. “Ізетсіз адам-мәдениетсіз” болып
көрінеді.”Ізетке найза бойламайды”. “Ұлық болсаң кішік бол”, “Ізетті бала арлы
бала, ізетсіз бала сорлы бала” деп, халық ізеттілікті мәдениеттің бір белгісіндей
қастерлейді.
Инабаттылық –
имандылықтың бір белгісі. Үлкеннің алдында, көптің
ортасында инабаттылық (тәртіптілік) көрсету жеке тұлғаның ұлттық қасиеті,
міндеті болып қалыптасқан. Ол - кісіліктің көркем көрінісі, сол көріністен
ұрпақ үлгі алады, үйренеді.
Сыйласым
– отбасынан басталатын ғұрыптық мәдениет. “Өзіңді-өзің
сыйлай біл, жат жанынан түңілсін” деп, халық ең әуелі сыйласым арқылы
отбасындағы жақын адамдардың бір-біріне инабаттылық қарым-қатынастарын
қалыптастырады. Отбасының әрбір мүшесінің сыйласымдық міндеттері бар,
соларды ұрпағына үйретіп, өнеге беріп отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |