көрсетуге міндетті. Қазақ халқы қалыптасқан қайырымдылық
рәсімдерін одан
әрі жалғастырып, жаңғыртып келеді (мысалы, “Қайырымдылық қоры”,
“Қайырымдылар қауымы, т.б.”).
Перзенттік парыз –
кісілік дәстүрінде үлкен орын алады. Отанға, ата-
анаға қызмет ету парызы мен міндеттерін халық ұрпағының құлағына жеткізіп,
санасына сіңіріп отырған. Перзенттік парызды өтеуді борышым деп, әрбір жеке
тұлға
Отанға қызмет етіп, ата-ана үшін еңбек ету міндеттерін алға қояды.
Қонақжайлық –
қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерінің бірі. Қонақты
күту,
қонақ кәдесін жасау, қонақты шығарып салу - бәрі ұлттық мәдениетті
көрсетеді. “Қонақ десе, қоң етін пісіріп беретін қазақ” қонақ күтудің
мәдени
үрдістерін өмірге ендіріп, ұрпағына ол іс-әрекетті үйретіп (білім беріп)
отырады.
Ұлттық намыс
–
“қазақ халқаның қозғаушы күші”
(Ш.Уәлиханов) болған
құбылыс. “Малым-жанымның садағасы, жаным-арымның садағасы” деп,
намысты (арды) бәрінен жоғары қойған. Ұлттық намыс - ұлттың тірегі.
Достарыңызбен бөлісу: