Сабақтың тақырыбы : Тәуелсіздік монументі. Шөмішбай Сариев



Дата31.12.2019
өлшемі63 Kb.
#54197
түріСабақ
Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіздік монументі. Шөмішбай Сариев.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың тәуелсіздік туралы түсініктерін кеңейте түсу.Желтоқсандағы құрбандарды еске алып, олардың батырлығын, ерліктерін, Отанға деген сүйіспеншіліктерін кейінгі ұрпаққа үлгі етіп тәрбие- білім беру.Оқушыларды елін сүюге, Отанға деген мақтаныш сезімін арттыруға, еліміздің тәуелсіздігін паш ететін түрлі тарихи оқиғаларды зерделей отырып, еліміздің ертеңі жастардың қолында екенін ұғындыру.

Дамытушылық: Ақынның жан дүниесі мен туған еліне деген мақтаныш сезімдерін көркем сөзбен жеткізу тілін ұғынулары арқылы қазақ тіліне деген қызығушылықтарын, сөздік қорларын дамыту.

Тәрбиелік: Отанды сүюге, тілді құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: ізденіс сабақ

Пәнаралық байланыс: дүниетану, тарих, қазақ тілі.

Сабақтың әдіс – тәсілдері: баяндау, сұрақ – жауап, жаңа ақпараттық технология, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары, дамыта оқыту.

Сабақтың көрнекілігі: рәміздер, Тәуелсіздік монументінің суреті, Қазақстанның көрнекі қалаларының суреттері, үнтаспа «Желтоқсан желі», «Желтоқсан» деректі фильмінен үзінді, маркер, А3 қағазы.

Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа дайындықтарын тексеру.

- Сәлеметсіздер ме,қонақтар? Сәлеметсіңдер ме, балалар?

Үш топқа «Тәуелсіз», «Егеменді», «Азат» болып бөлініп, сабағымызға сәттілік тілеп бастайық.



2.Үй жұмысын тексеру. «Балықшының баласы» А.Құдайбергенов.

Өткен тақырыпты есімізге түсірейік.

-Балалар, біз қандай тарауды өтіп жатырмыз? ( «Арналы бұлақ – асыл сөз»)

-Алдыңғы сабақта қандай әңгімен таныстық?( «Балықшының баласы»)

Әңгімеден түйген ойларыңды «Балық аулау» ойыны арқылы тексерейік.

1)Әңгіменің кейіпкері кім? Оған мінездеме бер.Өсер- ол ақылды, тілалғыш, еңбекқор, адамгершілігі мол, қайсар, батыл, өжет.

2)Автордың қайық мінезін бейнелеудегі басты теңеулерді ата.

-Жағадағы қайық желіге байланған құлын тәрізді;

-Қайық асаудай бұлтыңдайды, бесіктей тербеледі;

-Құлын сияқты жаны болса шыңғырып, кісінеп жіберер ме еді;

-Толқындағы қайықтың мінезі құлын мінезіне теңеледі.

3)Өсердің өмірден алған өнегесі қандай деп ойлайсыңдар?

Қиыншылыққа мойымау, төзімділікпен, шыдамдылықпен қиындықты жеңе білу.Ол үшін ақылмен көп еңбектену керек. «Еңбек бәрін де жеңбек» дегендей, өмірде адал еңбектену керек.

4)Өсерге әкесі қандай ақыл айтты? –Атқа мінсең, тізгініне ие бол. Қайыққа мінсең, ескегін ұста. Ескексіз қайық ағынға жалынар, ескекті қайық адамға бағынар.

5)Өсер үшін әке алақаны неге қымбат? Әкесі оның балықшы болған. Өмір бойы балық аулаған. Балық аулау оңай іс емес, көп қажырлы еңбекті талап етеді. Сондай еңбекқор адамның бірі оның әкесі.

6) Балықшы мамандық па, кәсіп пе?

Алдарыңдағы «қол саусағы» арқылы 1-саусақтарыңды бояңдар. Бағалау бағалары тақтада көрсетілген.

3.Қызығушылықты ояту.

Балалар, үнтаспа әуеніне көңіл бөлейік.(«Желтоқсан желі» әні қосылады)

- 1986 жыл 16 желтоқсан. Қазақ жастары тоталитарлық режимге қарсы ашық қарсылық көрсеткен күн. Міне, осындай ұмытылмас оқиғадан бері 27 жыл өте шықты.Өмір – өзен толқыны бізді әйгілі 16 желтоқсан оқиғасынан уақыт өткен сайын алыстатып әкетіп бара жатса да, жүректерде мәңгілік ұмытылмайтын бір нәрсе бар. Ол – дүниені дүр сілкіндірген сол үш күн оқиғасына қатысқан қазақ қыздары мен ұлдарының рухына, ерлігіне деген құрмет, тағзым...

Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,

Құшақ жая таныстым сан тіліммен.

Жаман үйді қонағы билейді деп,

Қала жаздап айырылып өз тілімнен.

Өзге тілге еліктеп ел болмайық,

Қазағымның артық жоқ өз тілінен.

Өз тілі мен дінін ұмыта бастаған қазақ еліне ұйқысынан оянған жас баланың шырыл дауысы естілгендей болды.

«Желтоқсан» деректі фильмінен үзінді.

4.Ойшақыру.

Сұрақ: - 1986 жылы Алматыда қандай оқиға болды?

- Оқиға туралы не білесіңдер?

Мұғалімнің сөзі: - Тәуелсіздік жолында жандарын қиған ұл- қыздарды, рухы биік аға- апайларымызды ұмытпайық. Олардың ерлігі біздерге үлгі болсын.

- 16 желтоқсан күні еліміз үлкен мерекені атап өткелі отыр? Ол қандай мереке? Биыл Тәуелсіздігімізге неше жыл толады?

Экранға назар аударайық.(Экранда ескерткіштің суреті ашылады).

Сұрақ: Суретке қарап не айтар едіңдер? Бұл не? (Ескерткіш)

Не байқадыңдар?

-Төменгі бөлігі неге ұқсайды?( Жауап: жапыраққа ұқсайды)

-Тағы не көріп тұрмыз? Қанатты барыс.

Сұрақ: -Ұшар басында ненің бейнесі?

Сақ жауынгердің бейнесі, дұлығалы Алтын адам.



5.Мағынаны тану.

Иә, бұл «Тәуелсіздік ескерткіші». Тәуелсіздіктің бес жылдығына орай Алматы қаласында 1996 жылы 16 желтоқсанда бой көтерді.Ескерткіштің авторларының бас жетекшісі Шотаман Ыдырысұлы Уәлиханов. Биіктігі 28метр.

Төменгі бөлігі қауызы ашылмаған қызғалдақ тәрізді, алдында Қазақстанның елтаңбасы бейнеленген.

Қанатты барыс бейнесі еліміздің тұрақтылығын, мықтылығын бейнелейді.

Ұшар басында сақ жауынгердің бейнесі, дұлығалы Алтын адам. Биіктігі 6 метр, салмағы 4 тонна. Алтын адам- Қазақстанның азаттық символы.

Бұл біздің, бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы. Яғни, Шөмішбай Сариевтің «Тәуелсіздік монументі» өлеңімен танысу.

Сабағымыздың мақсаты:ақынның өмірбаянымен танысу, тәуелсіздік туралы түсініктерімізді кеңейте түсу.

Дәптермен жұмыс. Дәптерлеріңді ашып бүгінгі күнді,сабақтың тақырыбын жазыңдар.

Жаңа сабақты автордың өмірбаяны, шығармашылығымен танысудан бастайық..

Ақынның суреті ашылады.

Шөмішбай Нағашыбайұлы Сариев – ақын, аудармашы, филология ғылымының кандидаты, Кафка атындағы Халықаралық сыйлықтың және «Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты,

«Жыл Адамы – Алтын Адам» сыйлығының иегері. 1946 жылы 15 сәуірде Қызылорда облысы, Арал ауданы, Шөміш стансасында туған, Қамбаш орта мектебін бітірісімен, Қазалы аудандық «Ленин туы» және Арал аудандық «Толқын» газеттерінде қызмет атқарған.

Алғашқы жыр жинағы 1974 жылы «Балдәурен» деген атпен жарық көрген.1994 жылы «Жазушы» баспасынан таңдамалы өлеңдер томдығы, 1992 жылы «Сүйінші» деген атпен ән өлеңдері жеке жинақ болып басылған.2003 жылы Кафка атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты,

2004 жылы «Платиналы Тарлан» сыйлығының иегері.Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.



6.Оқулықпен жұмыс. Оқулықтарыңның 77 бетін ашыңдар, өлеңмен танысайық.

Мұғалім өлеңді оқиды.

Өлеңді оқиын, сендер тыңдаңдар.

«Тәуелсіздік монументі». Шөмішбай Нағашыбайұлы Сариев.

Айы туып, жұлдыз күні жанған ел,

Ата-бабам мәңгі аңсаған арман ел.

Мәңгі тірі, мәңгі азатсың, қазағым,

Мұндай ұлы монументті салған ел.

Қорамсаққа қолды салсаң – үш жебе,

Қазағымның тұтастығын қорғайтын.

Жан – жағынан жақсылары қалыспай,

Хан болған ғой азаматым арыстай.

Алтын адам – ата-бабам көзі бұл,

Қанаттанып жауға шапқан барыстай.

Келешекке құс боп қанат қақты Адам,

Ұлы өнердің мәңгі отын жақты Адам!

Тәуелсіздік монументі алдында

Қазақ болып туғаныма мақтанам!



7.Сөздікпен жұмыс: Монумент – үлкен ескерткіш.

Сөзді дәптерге жазу.



8.Өлеңді оқушыларға оқыту.

Мұғалімнің сөзі: Өлеңді оқыдық, енді өлеңнің мазмұнын ашып көрейік.

Ата-бабамыз аңсаған арманы орындалды. Ол азаттық алу, тәуелсіз болу. Тәуелсіздіктің арқасында айымыз туып, жұлдызымыз жанған ел болдық.

Тәуелсіздігіміздің ең бірінші нышандарының бірі «Тәуелсіздік монументі».

Сонау тарихи кезеңде қазақ халқы 3 жүзге бөлінген.

Естеріңде ме, олар қандай жүздер? Әр жүздің өзінің биі болған.Ұлы жүздің биі- Төле би, орта жүздің биі- Қазбек би, кіші жүздің биі- Әйтеке би.Осы үш би елдің тұтастығын сақтап, қорғап отырған. Қандай болмасын дауды шешіп отырған.

Ата-бабаларымыздың көзі- Алтын адам. Алтын адам қай жерде табылған, білесіңдер ме?

Яғни, Алтын адам- Қазақстанның азаттық символына айналған.

Ақын өзінің қазақ болғанына мақтанады. Себебі, осындай ескерткіш тек қазақ халқына тән.

Жауаптарың бойынша «Қол саусағының» 2 саусағын бояңдар.

Қазір біз өлеңнен алған әсерімізді ортаға салып көрейік. Ол үшін тапсырмалар орындайық.

Қолымдағы тапсырмалардың бірін алып жауабын дайындайсыңдар..Дайындыққа 2 минут уақыт беріледі.

1-тапсырма- Өлеңде қандай монумент туралы айтылған? Ол жөнінде не білдіңдер?

2-тапсырма. « Тәуелсіз» сөзін ажырату.

3-тапсырма. Өлеңде ақынның қандай сезімдері байқалады? Дәлелде.

Жауаптарың бойынша «Қол саусағының» 3 саусағын бояңдар.



9. Сергіту сәті: «Киіз үй»

Балалар, шеңбер аясына тұрып бойымызды сергітейік. Мен сендерге жұмбақ жасырайын, сендер шешіп көріңдер.

«Ұқсайтын шеңберге

Қабырғасы жиылып, керіледі.

Жиқазы мол кең бөлме,

Төбесінен жұлдыздар көрінеді» Киіз үй.

Ендеше, сергіту сәтіміз «Киіз үй» болады.

«Қане, қане тұрайық,

Керегені құрайық.

Уықтар боп иіліп,

Шаңыраққа киіліп,

Киіз үйді құрайық»



10. Еліміз өзінің Тәуелсіздігін жариялап алғанына 22 жыл толғалы отыр.Осы жылдар аралығында болған оқиғаларды есімізге түсіру үшін «Тәуелсіздік шежіресі» тапсырмаларын орындайық.( флипчардтармен жұмыс)

1оқиға-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайлады.

1991ж 1 желтоқсан

2 оқиға- Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін жариялады. 1991ж. 16 желтоқсан.

3 оқиға- Тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады.1992 ж. қазанда 4 оқиға- Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалауы, елтаңбасы, әнұраны туралы заңдарға қол қойды. 1993 ж.4 маусым.

5 оқиға- Төл теңгеміз дүниеге келді. 1993 ж 12 қараша.

6 оқиға- Тәуелсіз Қазақстанның ғарышкері Талғат Мусабаев аспан көгіне айлық сапарға аттанады. 1994 ж.

7 оқиға- Тәуелсіз Қазақстан Республикасының «Ата заңы» қабылданды., 1995ж 30 тамыз.

8 оқиға- Алматыда «Тәуелсіздік» ескерткіші ашылды. 1996 ж.

9 оқиға- Тіл туралы заң өабылданды. 1997 ж.

10 оқиға- «Халық бірлігі мен ұлттық тарих» жылы. 1998 ж.

11 оқиға-Ел астанасы Ақмолаға көшірілді. 1998 ж.

12 оқиға- «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы» 1999 ж.

13 оқиға- «Мәдениетті қолдау» жылы. 2000ж

14 оқиға- «Денсаулық жылы» 2002 ж.

15 оқиға- Жаңа әнұран қабылданды. 2006 ж.

16 оқиға- Астанаға 10 жыл. 2008 ж.

17 оқиға- Астанада Саммит өтті. 2010 ж.

18 оқиға- 7 қысқы Азияда олимпиадасы Астана мен Алматы қалаларында өтті. 20011 ж.

Жауаптарың бойынша «Қол саусағының» 4саусағын бояңдар.



11. Сабағымызды «Тапқырлар» тапсырмасы арқылы мақал-мәтелдермен жалғастырайық.

Берілген мақал-мәтелдерді толықтырып жазу керек.

1. .. .. .. алтын бесік. (Ел іші)

2.Отан үшін күрес – ерге ... ... ... (тиген үлес)

3. Отансыз адам – ... ... ...(ормансыз бұлбұл)

4. Туған жердің ... да шипа. (ауасы)

5. ... отбасынан басталады. (Отан)

12. Қорытындылау.

- Сабағымызды қорытындылай келе алған білімдерімізді тексеру үшін тест жұмысын орындайық.



Тест

1.Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін қашан алды?

А) 1992 жылы 16 желтоқсан

Ә) 1996 жылы 11 желтоқсан

Б) 1991 жылы 16 желтоқсан

2. Тәуелсіздік монументі қашан ашылды?

А) 1992 жылы 16 желтоқсан

Ә) 1996 жылы 16 желтоқсан

Б) 1991 жылы 16 желтоқсан

3. Тәуелсіздік монументі өлеңінің авторы кім?

А) Н.Ә.Назарбаев

Ә) Ш. Уәлиханов

Б) Ш. Сариев

4. Ш. Сариев қай жылы туған?

А) 1942 жылы 15 сәуірде

Ә) 1946 жылы 15 сәуірде

Б) 1946 жылы 16 сәуірде

5. Тәуелсіздіктің 1 жылдығына орай «Тәуелсіздік монументі» қай қалада тұрғызылды?

А) Астана Ә) Алматы Б) Атырау

6. Тәуелсіздік монументінің биіктігі қанша метр?

А) 26 м Ә) 27 м Б)28 м

7. «Монумент» деген сөздің аудармасы.

А) мүсін Ә) ескерткіш Б) сәулет

Жұмыстарын тексеру. Көршілерімен тексеру. Бағалау.

«Қол саусағының» 5саусағын бояңдар.

Балалар, сабағымызда желтоқсан оқиғасын еске алып, Тәуелсіздігіміздің бірінші нышаны «Тәуелсіздік монументі» жайында білімдерімізді толықтырдық, еліміздің тәуелсіздігі жайында сөз еттік.

Сабақта өздеріңді қандай біліммен көрсете білдіңдер? «Қол саусақтарың» арқылы көрсетіңдер. Қонақтарға көрсетіңдер.

13. Үй жұмысы: өлеңнің ұнаған шумағын жаттау 77 бет.

Сабағымызды мерекелік шашу, музыкалық әнмен аяқтайық.



Багаудинова Айзаттың орындауында «Туған өлкем – Қазақстан».

Мукушова Д.,Шаримова Г. орындауында «Алтын бесік» өлеңін тыңдаңыздар.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет