Желбіре, Жеңіс жалауы Тәрбие сағатының тақырыбы



Дата13.05.2022
өлшемі18,04 Kb.
#143090
түріСабақ
Байланысты:
тарбие сагаты


Желбіре, Жеңіс жалауы
Тәрбие сағатының тақырыбы: Желбіре, Жеңіс жалауы
Сабақтың мақсаты: 1941 - 1945 жылғы Ұлы Отан соғысында неміс басқыншыларын талқандауда Қазақстан халқының майданда және тылда көрсеткен ерен ерлігін паш ету, жас ұрпақты отансүйгіштікке, ел жандылыққа тәрбиелеу.
Қолданылған көрнекіліктер: мультимедиялық аппарат, презентация, «Жеңіс», «Отан» туралы жазылған нақыл сөздер, т. б.
Барысы:
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалсын!
1 - жүргізуші: Кеш жарық, ардақты азаматтар, аяулы ұстаздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 7- мамыр Отан қорғаушылар мерекесі, 9- мамыр Жеңіс күні мерекесі келіп жетті. Осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны абзал азаматтарымызға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар өмірдің мәні, көңілдің жыры, әр отбасының алтын қазығы.Сыныптың ер азаматтары, сіздерде болашақта елімізді, жерімізді қорғайтын жандарсыздар. Ендеше бүгінгі мерекелік кешіміз өздеріңізге арналады.
2 - жүргізуші: Жүрекке адалдықтың ескен гүлін,
Ғажайып келешектің төккен үнін.
Ардақты жігіттерге шын көңілден
Жолдаймыз алғыс пенен сәлем бүгін.
Құрметті сыныбымыздың ер азаматтары, сіздерді 7 - мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Жігіттер Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар! Жүректеріңіз оттай лаулап, жандарыңыз әрдайым жас болсын! Қайратты, мақсатты болыңыздар! Жігіттер, сіздерге арналған өлең шумақтарын оқу үшін ортаға қыздарды шақырамыз.
1-ші оқушы:
Ел қорғайтын, ер жігіттер
Ардағымыз, арымыз
Ерлер тойын, елдің тойын
Қарсы аламыз бәріміз!
2-ші оқушы:
Көз тойғысыз қазағымның жері бар,
Ну орман, тауы, өзені, көлі бар.
Қазағымның жерін, елін қорғайтын,
Жас жеткіншек, ұланы бар, ері бар.
3-ші оқушы:
Беріспей батыр бабам армандаған,
Арман күн, ел - жұртына жалғанда аман,
Қаншама құрбандықпен жеткен күнді,
Әлдиле, байтақ елім, орман - далам.
4-ші оқушы:
Міне, осындай, егеменді еліміз,
Кең жазира, ұлан – байтақ жеріміз,
Туған елін, туған жерін сүйетін,
Сендерсіңдер ер азаматтар ертеңіміз!
5-ші оқушы:
Ер адам болып жаралады өмірде
Нағыз «ер» боп қала бермес бәріде,
«Қазақ ері» батыр, әрі батыл да,
Абыройлы жігіт деген аты да.
2 - жүргізуші: Жаңғыртып әнмен аспан кеңістігін,
Халқымыз қуанышты тегіс бүгін
Жауды жаншып, Отанды азат еткен,
Құрметтеп қарсы алады Жеңіс күнін.
1 – жүргізуші: Жеңіс... Ия, оны сан миллиондаған адамдар минуттап, сағаттап, сарыла күтті емес пе? Ақыры, олардың үміті мен сенімі ақталды. Тілектері орындалды. Бірақ, сол жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында Отан үшін от кешіп миллиондаған асыл азаматтар мерт болды. Жаумен жан аямай шайқасып, ерліктің ерен үлгілерін көрсетті. Ана, жарын жоғалтып жесір, бала әкесінен, анасынан айырылып жетім атанды.
2- жүргізуші: Ал, тылда қалған қарттар, аналар мен бесіктен белі шықпаған балалар соғыстың қайғы – қасіретін арқалай жүріп бірде аш, бірде тоқ, тынбай жұмыс істеді. Бірақ ешкімнің сағы сынбады. Небір сын сәттерде Отан үшін отқа кеудесін тосқан қазақ халқының батыр қыздары мен ұлдары Отанын қорғауда үлкен ерлік көрсетті. Олардың ерлік істерін ешкім де, ешқашан да ұмытпауға тиіс.
1-жүргізуші: Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
Болса дағы қай ғасырдың қай жылы.
Ұлы Отаным басын иіп бір минут,
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны
(1 минут үнсіздік; үнтаспадан жай ғана Ұлы Отан соғысы туралы ән естіледі)
2 - жүргізуші: Жеңіс күні бар әлемге әйгілі,
Көктем шуақ 9 - май күні.
Айтшы, кәне, біздің жеңіс шеруі,
Кездейсоқ па көктемге сай келуі.
1 - жүргізуші: Біздің Ұлы Жеңісіміз көктем боп,
Көңілдерге шұғыласын төккен көп.
Сонау жылы 9 май күні,
Алмастырған қуанышқа қайғыны.
2 -жүргізуші: Бүгінгі күн – көптен күткен салтанатты күн, зымыраған уақыттың қанатында Жеңістің міне 69 - көктемі де келіп жетті.
69 жыл - бейбіт көктем таң атқалы,
69 жыл - шуақты күн таратты әнін.
69 рет - көктемде сонан бері,
Ашылды Жеңіс күннің парақтары.

Хор: _______________________________________________
Би: «Катюша»

1- жүргізуші: Оқ пен оттан аман оралып, ортамызда жүрген ардагер ағаларымыз бен апаларымыз, аға ұрпақтың жауынгерлік және еңбектегі ерліктерін әрқашан мақтан тұтамыз.
2- жүргізуші:
Жасасын жеңіс!
Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағыңа жүре бер!
1 - 2 жүргізуші:
Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын!
1 - Жүргізуші: Осымен сіздерге арнаған «Желбіре, Жеңіс жалауы» атты кешіміз өз мәресіне жетті. Жеңістен жеңіске жетіп жүре беріңіздер!
2 -жүргізуші: Қатысқан барлық оқушыларға алғысымызды білдіреміз! Жеңіс туымыз көк аспанымызда желбірей берсін! Сыныбымыздың ер азаматтары мереке құтты болсын!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет