мінез-құлық әсемдігі бар, салт-дәстүр әсемдігі де бар. Мінез-
құлық әсемдігі адамның іс-әрекеттерінен көрінеді, (инабаттылық, ізеттілік,
ілтипат, көпшілдік, т.б.).
Салт-дәстүр әсемдігі – өмірге сіңісіп, қалыптасқан мәдени белгілер (той
рәсімдері, сый-кәде, үлкенді сыйлау, әйел ананы құрметтеу, өнер адамдарын
сыйлау, т.б.).
Халықтың әдептілігі игі әдеттің өмірлік дағдыға (әдеп-ғұрыпқа) айналып,
қалыптасуынан пайда болады. Әдептілік-мәдениеттілік. Этнопедагогика
ғылымы бойынша, әдеп-ұлттық мәдени, рухани іргетас делінеді.
Әдептіліктің сөз әдептілігі, іс әдептілігі, мінез әдептілігі сияқты түрлері
бар. Әсіресе сөз әдептілігін бұзған жан абыройсыздыққа ұшырайды. Өйіткені,
“тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады”. “Өткірдің жүзі, кестенің бізі өренгін
сендей сала алмас” деп Абай дана бағалаған тіл қисынындай құдірет жоқ. “Іс
істесең ретін тап” деп, үйретіп отырған. Іс әдептілігі істен де, сол іспен келген
заттан да ерекше көркемдікпен көрінуі тиіс. Әдеп - мәдениеттіліктің негізі
екенін осыдан көреміз.