Ақсақал (аталар) үшін
1.
Ақсақал отбасының, әулеттің, елінің тәртібі мен тәрбиесіне жауап
береді.
2.
Ақсақал болу – ата-бабамыздың басқарушылық аманатын ұрпақтарға
жалғастырушы.
3.
Ақсақал – өзі үлгі, өнегелі, ақылды, әділетті, тәртіпті, адамгершілігі мол,
ұйымдастырушы, үйлестіруші, жігерлі, турашыл, нәпсісін тия білетін, ауылдың
жетімі мен жесіріне қамқорлық көрсете алатын қайырымды, парасатты жан
болуы керек.
4.
«Ағасын танымаған іні азар, атасын танымаған ұл азар» (Күлтегін),
балаларыңызға 7 атасын үйретіңіз.
Әжелер үшін
1. Ақ сүт берген аналардың анасы - әже. Немере қасында болып,
асыраушы, аялаушы, тәрбиелеуші басты тұлға!
2. «Жан жүрегім жарығым» деп әже немересін, шөбересін жүрегіне
теңейді.
3. Әже – ұрпағын ата жолын қууға, еңбекке, адамгершілікке,
қайырымдылықа, имандылыққа баулиды.
Достарыңызбен бөлісу: |