Тақырыбы: «Балаға жүрек жылуы»



Дата10.03.2020
өлшемі18,55 Kb.
#59835
Байланысты:
Балаға жүрек жылуы

Алатау ауданы №180 ЖББМ

ТЕКСЕРІЛДІ

Директордың тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары

________А.А.Тоқтыбаева

«_____»______ 20___ ж.

СЫНЫП САҒАТЫ

Тақырыбы: «Балаға жүрек жылуы»

7 «ә» сынып

Сынып жетекшісі:



Жумабекова Л.М.
Алматы 2020 ж.

Тақырыбы: «Балаға жүрек жылуы»
Мақсаты: Балалардың бойларындағы адамгершілік, қайырымдылық, сүйіспеншілік, ізгілік, инабаттылық, ақылдылық, әдептілік қасиеттерін ояту.
Міндеттері: - Жақсы тілек, ізеттілік, ізгілік туралы түсініктерін қалыптастыру;
- Қайырымдылық қарым - қатынас жасау, іскерліктерін дамыту;
- Мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар:проектор, слайдтар

Шаттық шеңбері:
Сәлеметсіздер ме, менің қымбатты достарым. Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын.
- Біздің бүгінгі сабағымыз «Балаға жүрек жылуы» деп аталады. Олай болса, шаттық шеңберіне тұрайық.
- Балалар қолдарыңызды жүрек тұсына бір сәт қойып, дүрсілін тыңдап көріңдерші. Сендердің жүректерің мейірімге, қайырымға, махаббатқа, жылы сезімге толы. Адам бойындағы бар жылу мен мейірім жүректен шығады. Енді осы жүректен алған жылуымызды айналамызға шашып бөлісейік.
-
Әңгімелесу.
- Табиғатқа қамқорлық жасаған кездерің болды ма?
- Сендер үлкендерге қандай көмек көрсеттіңдер?
- Мейірімділік дегенді қалай түсінесіңдер?

Жаңа ақпарат.
Мейірімді адам өзге адамға, туған - туыстарына, табиғатқа деген жанашырлық сезімін, қамқорлығын көрсетуге дайын тұрады. Әрқашанда адамдар бір - біріне жылы сезімдерін білдіріп, тек жақсылық ойлау, игілік жасау арқылы мейірімділік таныта алады.
Ойын - жаттығу.«Көмек»
Балапандарынан адасып қалған тауыққа көмектесу үшін балапандар суретінің артқы бетіндегі сұрақтарға жауап беріледі.

Тапсырма.
- Сен досыңмен көлге шомылуға бардың. Кенет досыңның «Құтқар» деген даусын естідің. Сен не істер едің?
- Сен жолда келе жатырсың. Шұңқырға түсіп кеткен балапанды көрдің. Балапан «шиқ - шиқ» етіп шығудың әрекетін жасайды. Бірақ оған шамасы келмейді. Осы жағдайда сен қандай әрекет істер едің?
- Әр адамның жүрегі мейірімді де қайырымды болу үшін не істеу керек?
Парасатты болу
Жақсылық жасау
Қамқорлық көрсету
Көмек беру
Мейірімділік көрсету
Жанашырлық таныту
Ізгілік
Адамгершілік сақтау

Дәйек сөз.
Табиғаттағы барлық жылу - күннен,
Өмірдегі барлық жылу – адамнан. М. Пришвин
Шығармашылық жұмыс.
«Жақсылық тамшысы»
Оқушылардың санына сәйкес алдын - ала дайындалған тамшы үлгісінде қиылған қағаздар үлестіріледі. Әр бала тамшыға өзі жасаған жақсы істерін жазады. Тақтаға тамшыларды іліп, өзгелерге, айналасына өзі жасаған жақсы істерін жария етеді.
- Балалар, әрқайсыңның тамшыдай жасаған жақсылықтарыңды қосқанда үлкен дарияға айналады. Яғни әр адамның жүрегі жақсылыққа толы болса, жер бетінде бейбітшілік орнап, адамдар бақытты өмір сүреді.
Тапсырма.
Оқушылардың алған білім - біліктерін нақтылау мақсатында тапсырма беріледі. Тапсырма бойынша балалар оқулықта берілген суреттерге қарап, осындай жағдайларда қандай жақсылық жасауға болатындығын әңгімелеп айтады. Балалардың жауаптары тыңдалады.
Жүрегінде жылуы бар адамдардың көмекке мұқтаж жандарға, жан - жануарларға, табиғатқа қамқорлық жасайды. Жақсылық жасау – адам жүрегіндегі ең асыл қасиеттерінің бірі. Жақсы адам қол ұшын беруге, жәрдем етуге, жанашырлық танытуға, көмек көрсетуге, қолдау жасауға әрдайым дайын тұрады.
Тыныштық сәті.
- Балалар, ыңғайланып отырып, терең тыныс алыңдар, көздеріңді жұмыңдар. Енді көз алдарыңа айтқандарымды елестетіңдер.
- Ашық аспан, қалықтаған құс, жайқалған қызыл - сары гүлдер, жайнаған бақ, жарқырап бар жылуын шашқан күн, биіктігі көк тіреген ғимараттар, күн шуағына бөленген бақытты балалар, балалардың қуанышына мәз болған аналар, оқушылардың бестігін мақтан тұтқан ұстаздар, немерелерінің ақылдылығына риза болған әжелер. Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа, қуанышқа толған жандарды көре отырып, осындай сезіммен көзімізді ашамыз.

Дәптермен жұмыс.
Оқушыларға дәптермен жұмысты орындау жолдарын түсіндіру.
- Суреттегі бос тор көздерге «Ана деген кім?»сұрағына жауаптар жазыңдар. (Оқушылар тапсырманы орындап болған соң, жария етеді)
- Расында да, адамның әдептілігімен, жан дүниесінің жылулығы ең алдымен балаға ақ сүт беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Ананың нәзік үні, жұмсақ та аялы алақаны жан жылуымен бізді әлдилеп жұбатады, көңілімізді сергітеді.
Құрметті ұстаз - аналар алда келе жатқан мерекелеріңізбен құттықтаймыз!(Оқушылар жауқазын гүлін ұстаздарға сыйлайды)
Жүректен жүрекке.
Оқушылар жүрегімізді жақсы тілекке толтырайық. (оқушылар жүрекке жақсы тілектер жазып оны үлкен жүрекке іледі)
Елімізде қайырымдылық жасаудың негізінде құрылған «Бөбек» қоры. «Бөбек» қорының президенті Сара Алпысқызы Назарбаева еліміздегі көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беріп, аялы алақанын ұсынуда. ( Оқушыларға слайд арқылы көрсету)

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет