Ұлттық
болмыс.
Ұлттық
болмыс
әр
ұлттың
этностық
ерекшеліктеріне байланысты жүйеленеді. Болмыс ұғымы – өзінен кейінгі
шартты атаулардың бәрін жинақтап таныта білетін ұғым. «Этнос» - тарихи
қалыптасқан этникалық қауымдастық – тайпа, халық, ұлт. Яғни белгілі бір
халыққа қатысты атамекен, өңірлік ақпараттар жиынтығын (этногеография),
жалпы халықтың өсіп-өну, ұлттық тегі мен тарихын негіздейтін шежірелік
арнасын (этнодемография, этноним, этногенез), этнотілдік, этноәлеуметтік,
этномінез-құлық, т.б.сан-салалы сипаттарын айқындайды.
Тұлғалық болмысты қалыптастыру:
Тұлғалық тағылымға зер салу, елдік
рух, тарих алдындағы адамдық міндеттер, ұлылар ұлағаты, бабалар мұрасына
құрмет, ұрпақ сабақтастығы. Мәдени мұраны зерттеуге бағыттау т.б.
2.
Достарыңызбен бөлісу: |