97
52-сурет
. Ураганның толқындары
«Литосфера» бөлімінде 2004 жылдың 26 желтоқсанында Үнді мұхи-
тында болған Жер тарихындағы ең күшті апат туралы айтылды.
2004 жылы Жапония, Қытай, Филиппин, Багам аралдары, АҚШ ел-
дерінде аса көп мөлшерде тайфундар «шабуыл жасады». Әдетте, тайфундар
Үнді мұхитының жылы суларында пайда болып, ашық айдында қозғалып,
соңынан жоғалып кететін еді. Ал 2004 жылы 17 тайфун құрлыққа шықты.
Ғылыми тұрғыдан бұл құбылысқа әлі толық түсіндірме жоқ.
Цунамидың мұхит бетінде гравитациялық ұзын толқындар ретінде
пайда болуы, мұхит түбіндегі
тектоникалық жылжулардың
әсерінен
деген тұжырымдама ғылыммен анықталған. Цунами толқындарының
жылдамдығы км/сағ-пен өлшенеді. Жағалауға жеткен кезде толқын
ұзындығы қысқарады, ал биіктігі – керісінше, артады. Жағалауға зор
күшпен соққан цунами жағалауды, жағалаудағы нысандарды қиратып,
орасан зардап алып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: