125
Тірі материяның ұйымдасуының және қасиетінің ең маңыздылары-
ның бірі –
ырғақтылығы
. Ырғақтылық, тірі организм құрылысының
барлық деңгейлерінде кездеседі: бұл жүрек және тыныс алу ырғақтары,
құс қанаттарының ырғақты қағылуы, балық желбезектері қимылының
ырғағы және т.б. Физиологиялық қызметтің тәуліктік өзгерісі, Жердің
өз осінен айналуына, күн мен түннің ауысуына байланысты.
Маусымдық ырғақтылықтың пайда болуында ең бастысы – Жердің
Күнді айналуы, жыл мезгілдерінің ауысуы. Осыған байланысты ауа темпе-
ратурасы мен ылғалдылығы, жарық күннің ұзақтығы, күн радиациясының
белсенділігі және басқа да табиғи үрдістер өзгереді. Бұл үрдіс қоңыржай
белдеуде айқын байқалады. Бұдан басқа да ұзақ ырғақтылықтар бар,
мысалы: 500 млн жылға дейін созылатын геологиялық кезеңдер. Бұл ке-
зеңдердің ішінде әртүрлі реттегі геологиялық, климаттық, биосфералық
циклдер байқалады.
Географиялық қабықтың басты заңдылықтарының бірі – оның
зона
-
лылығы
, яғни экватордан полюске қарай барлық географиялық компо-
ненттердің және табиғи кешендердің белгілі бір заңдылықпен өзгеруі.
Күн жылуының зоналық таралуы нәтижесінде жер бетінде ауа темпе-
ратурасы, жел, ауа массаларының қасиеттері, климат, экзогенді үрдістер,
топырақтың түзілу үрдістері, су айдындарының гидрологиялық режимі,
өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігі зоналық заңдылыққа бағынады.
Достарыңызбен бөлісу: