Су ресурсы – жерүсті және жерасты сулары.
Су буы – судың газ күйіндегі жай-күйі.
Су тасқыны – жыл мезгілінің белгілі бір уақытында тұрақты қайталанып
отыратын су деңгейінің көтерілуі.
Судың қасиеті – 0–4°С аралығында сығылатын, ары қарай температура
жоғарылағанда ұлғаятын табиғаттағы жалғыз қарапайым зат. Су үш сұйық,
қатты және газ күйінде кездеседі.
т табиғаттағы су айналымы –
жер шарындағы судың
күн қуаты мен салмақ
күшінің әсерінен үздіксіз тұйық айналу үрдісі.
табиғаттағы зат айналымы – табиғаттағы заттардың бір түрден екінші
түрге айналуы және ауысуы. Бұл үрдіс Жер бетінде тұрақты тоқтаусыз жүріп
отырады.
табиғи аэрозолдар – жанартаулық шаң, өрттен шыққан түтін, тау
жыныстары мен топырақтан бөлінген шаңның желмен жер бетіне таралуы.
тасқын – өзен деңгейінің кенеттен қысқа уақытқа көтерілуі.
таулар – жер бетінің жазықтардан салыстырмалы биіктігі 200 метрден аса-
тын, оқшау көтеріліп жатқан қатпарлы және қатпарлы-жақпарлы құрылымды
бөлігі.
таулы жота – жер бедерінің ұзына бойы созылып жатқан, бір-біріне қарама
қарсы беткейлерімен шектелген көтеріңкі бөлігі.