Оқулық Егорина А. в., т б. Е25 География



Pdf көрінісі
бет95/246
Дата07.02.2022
өлшемі3,77 Mb.
#94823
түріОқулық
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   246
Байланысты:
География 7 сынып Егорина

4. Солтүстік мұзды мұхит 
(14 млн км
2
)
 – 
мұхиттар арасындағы ең кіші 
және аумағы толығымен полярлы ендіктерде орналасқан жалғыз мұхит. 
Ломоносов жотасы кесіп өтсе, Менделеев жотасымен параллель орналасқан. 
Жоталар мұхитты бірнеше қазаншұңқырларға бөледі: Нансен, Макаров 
және Бофорт. Максималды тереңдігі – 5200 м. Мұхиттың бір ерекшелігі
материктік таяз-сулы жағалауларының жолақты болуы (800 км-ге жетеді). 
Жағалауындағы құрлық бедерінің пішіндер соңғы кездері су басқан жер 
екендігін айғақтайды.
42-сурет
. Үнді 
мұхиты және 
оның бөліктері


83
5.
мұхиттардағы
теңіздер мен шығанақтар. теңіздер
– азды көпті 
оқшауланған мұхиттың бір бөліктері. Температурасы, судың тұздылығы, 
теңізде тіршілік ететін ағзалар, судың көтерілуі және қайтуы бойынша 
ерекшеленеді. Кейбір теңіздер құрлыққа терең сұғына енеді, мысалға 
Қара, Жерорта теңіздері. Бұндай теңіздерді 
ішкі теңіздер
деп атайды. 
Басқалары материктің шет жақтарында орналасқан, сондықтан олар 
шеткі 
теңіз
деп аталады. Бұндай теңіздерге Баренц, Карск, Лаптевтер, Охот, 
Шығыс Қытай және т.б. жатады. Кез келген жағдайда теңіздер мұхиттың 
бір бөлігі саналады.
Құрлыққа терең ене орналасатын, бірақ температура, су тұздылығы, 
тіршілік қоры жағынан қатты ерекшеленбейтін теңіздер бар. Оларды – 
шығанақ
деп атайды. Олардың кейбіреулері ауданы жағынан теңіздермен 
шамалас келеді. Мысалы, Аравия, Бенгал, Гудзон шығанақтары. Оларды 
зерттемей тұрған кезден-ақ, шығанақ деп атап 
келеді.
Дүниежүзілік мұхиттың жіңішке тар бөлігін 
бұғаз
деп атайды. Олар құрлықтың кейбір аудан-
дарын бөліп тұрады. Мысалы екі материкті, арал-
дарды немесе арал мен материкті. Бірақ бұғаздар 
мұхиттарды, мұхиттар мен теңіздерді, олардың 
бөлек аудандарын бір-бірімен қосады. 
43-сурет

Охот теңізі
және оның 
бөліктері
Жартышарлар картасынан 
Магеллан, Дрейк – ең кең
(950 км) және ең терең (5840 м), 
Гибралтар ең тар (14 км), Мозам
-
бик – ең ұзын (1670 км) бұғазда
-
рын көрсетіңдер.


84
44-сурет
. Теңіз шығанақтары
Сұрақтар мен тапсырмалар
 
Білім және түсінік
1. «Дүниежүзілік мұхит» ұғымының мағынасын ашып түсіндіріңдер. 
2. Теңіз дегеніміз не? Қандай теңіздерді білесіңдер?
Қолдану
1. Ішкі және шеткі теңіздердің айырмашылығы туралы сызба құрастырыңдар.
2. Жарты шарлардың физикалық картасынан өздерің таныс бұғаздар мен шығанақ-
тарды көрсетіңдер.
Сараптау
1. Тынық мұхитты Солтүстік мұзды мұхитпен салыстырыңдар.
2. Үнді және Атлант мұхиттарын салыстырыңдар. Деректерін кестеге түсіріңдер.
Синтездеу
1. «Жанартаулардың отты шеңбері» деген әйгілі ұғымның мағынасы неде, ол 
қайсы мұхитта орналасқан?
2. Үнді мұхиты табиғатының ерекшелігін қалай бағалар едің?
Бағалау
1. Негізгі су жолы болып есептелінетін Атлант мұхитының маңыздылығын бағала.
2. Оқулық мәтінінен Солтүстік Мұзды мұхиты табанының жер бедері туралы 
деректер ді тауып алыңдар. Қазақстан климатын қалыптастырудағы ролі қандай?


85


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   246




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет