факторлардың (температура, ультракүлгін жəне рентген сəулесі жəне басқалары)
əсерінен микроағзалардың өзінің қасиеттерін өзгерту қабілетін тұқым қуалау мен
өзгергіштікті зерттеу барысында қолданады.
Генетикалық зерттеулердің алғашқы нысаны ретінде зертханалық жағдайда
өсіріндісі жақсы өсетін ішек таяқшасы қолданылады. Сонымен қатар осы
бактериялардың морфологиялық, дақылдық жəне биохимиялық қасиеттерінің
жақсы зерттелгені маңызды болды. Келесіде генетикалық зерттеулердің нысаны
ретінде басқа да бактериялар, сонымен қатар вирустар қолданыла бастады.
Микроағзалардың генетикасын зерттеу олардың генетикалық ақпаратты
тасымалдаушысы рөлін ДНҚ атқаратынын көрсетті (кейбіреулерінде РНҚ).
Бактериялардың ДНҚ молекуласы əрқайсысы екіншісіне қатысты серіппемен
бұрылған екі жіптен құрылған. Жасуша бөлінгенінде, жіп тəрізді серіппе екі
еселенеді. Жіптердің əрқайсысы шаблон немесе матрица қызметін атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |