Мысалы, жасуша оған нақты жағдайда қажет ақуыздарды бөліп шығарады, бірақ жағдайдың өзгеруіне қарай реттеуші-гендер жасуша қасиеттерін өзгертіп, оларды жаңа жағдайға бейімдейді. Микроағзалардың сыртқы орта əсерінен туындайтын морфологиялық, дақылдық, биохимиялық жəне басқа да өзгерістері бір-бірімен тығыз байланысты. Мысалы, морфологиялық қасиеттердің өзгеруі əдетте жасушаның физиологиялық ерекшеліктерінің өзгеруімен қатар жүреді. Микроағзалардың өзгергіштігін зерттеу барысында өзгергіштіктің ерекше формасы — диссоциация анықталды. Өзгергіштіктің бұл түрі П. де Крюи жəне Дж. Аркрайтпен сипатталды. Олар бірқатар өсірінділерді тығыз қоректік ортаға еккенде, колониялардың екі түрге бөлінетінін анықтады: жиектері тегіс, домалақ, жылтыр колониялар — 8 -пішінді (ағылшын тіліндегі smooth — жылтыр) жəне жиектері тегіс емес, пішіні дұрыс болмайтын, мөлдір емес колониялар — К-пішінді