57
§12.
Эксперименттік зерттеу
Теориялық зерттеу
6.
Қанықпаған бу деп қандай буды айтады? Планетамызға тигізетін була-
ну процестерінің рөлі қандай? Мысалдар келтіріңдер.
7.
Жер шарын қандай қабаттар қоршайды? Басқа планеталарға қарағанда
Жер шарының ерекшелігі неде?
Бос шыны ыдысты мейлінше жайдақ ағаш астаушадағы суға орналас-
тырыңдар. Ыдыстың 1/3 бөлігіне тез буланғыш сұйық (мысалы, эфир)
құйыңдар. Эфирдің үстінде конвекция туғызып, резеңке сорғымен ауа-
ны жылдамдатып айдаңдар. Аздаған
уақыттан кейін шыны ыдыстың
сыртқы бөлігінде қырау пайда болып, түбінің астындағы жайдақ суда
мұз қабыршақтарының түзілгеніне көз жеткізіңдер.
Жоғарыдағы эксперименттің барысын
және байқалған құбылыстарды
рет-ретімен
баяндап жазыңдар; орын алған
құбылыстарға теориялық
талдаулар
жасай отырып, эксперимент нәтижелерін түсіндіріңдер.
Достарыңызбен бөлісу: