Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



Pdf көрінісі
бет137/239
Дата07.02.2022
өлшемі4,48 Mb.
#95161
түріКнига
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   239
 
1.
Электр тогының жылулық әрекеті қайда және қалай қолданылады? 
Қыздырғыш элементтер неден жасалады, қалай аталады және ерек-
шеліктері қандай?
2.
Электр шамдарын кімдер ойлап тапты, құрылымы қандай? Оларды неге 
электрлік қыздырғыш аспаптар қатарына қосады?
3.
Қысқа тұйықталу деп қандай құбылысты атайды? Қысқа тұйықталу 
қандай жағдайда орын алады?
4.
Балқымалы сақтандырғыштар не үшін қолданылады және олардың 
жұмыс істеу принципін қалай түсіндіреді?
1. 
Кернеуі 10 В ток көзіне қосылған электр доғасы 20 А ток күшін 
тұтынады. Доғаның кедергісін және тұтынатын қуатын табыңдар.
2. 
Кедергісі 80 Ом электр плитасы 220 В кернеуде жұмыс жасайды. 
Оның үстіндегі 3 л суы бар шәйнек қанша уақыттан кейін қайнайды? 
Плитаның ПӘК-і 60%, судың бастапқы температурасы 10
о
С, шәйнектің 
жылусыйымдылығы ескерілмейді.
3.
Қуаты 300 Вт электр үтігінің үзілген спиралін 1
4
-ге қысқартып, қайта 
жалғады. Оның қуаты енді қандай болады?
Теориялық талдауларға сүйеніп, төмендегі тапсырмаларды жазбаша 
түрде орындаңдар:
1.
Тізбектеп жалғағанда бәрінен бұрын кедергісі ең үлкен өткізгіштің 
күштірек қызатынын түсіндіріңдер.
2.
Параллель жалғағанда қандай өткізгіштің күштірек қызатынын дәлел-
деңдер.
3.
Балқымалы сақтандырғыштың негізгі элементі тез балқитын жіңішке 
сым болып табылады. Ток күші шамадан тыс өскенде сақтандырғыштың 
бәрінен бұрын балқып, токты айыратынын түсіндіріңдер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   239




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет