2. Фарадей тәжірибесі.
Мектеп зертханасындағы қолжетімді зама-
науи жабдықтарды пайдаланып, Фарадей ашқан жаңалықты тәжірибе
жүзінде оңай көрсетуге болады. Ол үшін гальванометрді, тұрақты маг-
нитті, бірінің ішіне бірі кіретін екі шарғыны және ток көзін (батарея ны)
пайдаланамыз.
Ешқандай ток көзін пайдаланбай, сурет 6.16,
а
-да көрсетілгендей,
шарғыны гальванометр ге қосып, тұйық тізбек құрайық. Сол жақтағы
Практикалық тапсырма
Сурет 6.15
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17
мая
2019
года
№
217
170
жоғарғы суретте де, төменгі суретте де магнит
шарғының ішінде қозғалмай тыныштықта тұр.
Алайда шарғы магнит өрісінде тұрса да, тізбекте
электр тогының пайда болмағанын гальванометр-
лер айғақтайды. Фарадейдің осы сияқты алғашқы
6 жылдық тәжірибелері оның гипотезасын «теріске»
шығарып отырса да, ол «магнит өрісі электр тогын
туғызбайды» деген қорытынды шығаруға асықпай,
табандылықпен тәжірибелерін жалғастыра берді.
1831 жылы Фарадей шарғы мен магнит бір-бірімен
үнемі салыстырмалы қозғалыста болса, магнит өрісінің
электр тогын туғызатындығын тәжірибеде дәлелдеп, өз
болжамының ақиқаттығына көз жеткізді. Расында да,
магнит төмен қарай қозғалған кезде гальванометрдің
тілі оңға бұрылып, шарғыда электр тогының пайда
болғанын көрсетеді (сурет 6.16,
ә
). Ал магнитті жоғары
қарай көтергенде гальванометрдің тілі солға бұрылып,
тағы да электр тогының пайда болғанын айғақтайды.
Сонымен қатар тәжірибе өзара салыстырмалы қоз-
ғалыстың жылдамдығы аз болса, гальванометр тілі
аз бұрышқа ауытқитынын, ал жылдамдық артқан са-
йын ауытқудың да өсе беретінін көрсетеді. Қозғалыс
тоқталса, шарғыдағы электр тогы да жоғалады.
Фарадей ашқан бұл құбылыс физика тарихына
индукциялық құбылыс
деген атаумен енді. Ал магнит өрісінің өзгерісі кезінде пайда болатын
электр тогы
индукциялық ток
деп аталды.
Ханс Кристиан
Эрстед (1777–1851)
Майкл Фарадей
(1791–1867)
Сурет 6.16.
Фарадей тәжірибелері
а
)
ә
)
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17
мая
2019
года
№
217
171
Достарыңызбен бөлісу: |