Ақыл білімде ғана емес, білімді қолдана алатын біліктілікке де саяды», –
деген сөзін естеріңде ұстап, теориялық сұрақтарға ғана жауап
іздеумен шектелмей, жаттығулар мен тапсырмаларды да, практикалық
зерттеулер мен эксперименттерді де ұқыпты орындауларың қажет. Біздің
ұлы бабамыз әл-Фараби Шығыс пен Батыс ғұламаларының жоғарыда
көрсетілген қағида-ұстанымдарын өз бойына сіңіріп, талмай еңбектенуі
арқасында
адамзаттың екінші ұстазы атанды.
Қадірменді ұстаздар, қымбатты шәкірттер! Сұраныстары жоғары та-
лапшыл оқушыларға арналған тереңдетілген материалдар (оларға кейбір
эксперименттік, теориялық зерттеулер де жатады) және тарихи-таным-
дық деректер міндетті оқу жүктемелері болып табылмайды. Алайда «Нар
жолында жүк қалмас», «Жұмыла көтерген жүк – жеңіл» дейді ғой хал-
қымыз; ақыл қосып, жұмыла жасаған қарекеттеріңе зор сеніммен сәтті-
лік тілейміз.
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17
мая
2019
года
№
217